- Advertisement -

Әкімдер жұмыс орындарының қысқаруына мониторинг жасап отыруы тиіс

23

- Advertisement -

Әкімдер жұмыс орындарының қысқаруына мониторинг жасап отыруы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат — Облыс әкімдері жұмыс орындарының қысқаруына мониторинг жасап отыруы қажет. Бұл туралы бүгін еңбек қатынастарын реттеу жайы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімдеріне айтатын мәселе — жұмыс орындарының қысқаруын ары қарай бақылап, мониторинг жасап отыру қажет. Қысқарған жағдайда жұмысқа тұрғызу мәселесін қарау міндеті тұр. Сонымен қатар, айлық табыс бойынша қарыздың ары қарай көтерілмеуіне және бар қарызды жабу мәселесіне баса көңіл аударуларыңызды сұраймын», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі Үкімет отырысында еңбек  қатынастарын реттеу, өндірістік қауіпсіздік жақсарту мәселелеріне қатысты айтылған ұсыныстар ағымдағы жылдың 2-тоқсанында Қарағанды қаласында өтетін үшжақты комиссияда қаралатынын жеткізді.

Айта кетерлігі, отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев кәсіпорындар қызметкерлеріне 1 млрд 700 млн теңге жалақы қарыз екенін, кәсіпорындағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде көбейіп отыруы қажеттігін айтқан еді.

Ал ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқығын шектейтін заңнамалық актілерге мораторий жариялауды, облыстық үшжақты комиссиялар жұмысын жандандырып, ұжымдық шарттар бойынша мәселені тұрақты түрде қадағалап отыруды, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын сатылы түрде өсіруді ұсынған болатын.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support