- Advertisement -

Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау да бар, көмек те көп

75

- Advertisement -

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Біз әрдайым бизнеске көмек көрсетеміз, бірақ адам, оның құқықтары мен денсаулығы маңыздырақ» деп атап көрсеткені белгілі. Мәселен, қазіргі таңда көптеген азаматтардың кәсіптің көзін табуы нәтижесінде өңірлерде жүздеген жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздықпен күрес жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы орайда былтыр облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары күшімен 396,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілгенін атап өткен жөн. Кен өндіру өнеркәсібі 46,4 миллиард теңгені құрап, бұл саладағы өсім 11,7 пайызға жоғарылаған. Өңдеу өнеркәсібінің табысы 280,8 миллиард теңгеге жетіп, облыстағы үлесі 70,9 пайызды құрады. Сондай-ақ жеңіл, химия, металлургия және машина жасау өнеркәсіптерінде де оң серпін байқалуда.
Өнеркәсіп кәсіпорындары мәселелерін зерделеу, шешу, оларға қажетті қолдау көрсету мақсатында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту картасы әзірленді. Осыған орай әрбір кәсіпорынның паспорты жасалып, өзекті мәселелері анықталды. Картаға 31 кәсіпорын енгізіліп, оның 27-сіне қаржылай емес, 4-еуіне 484,0 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Олардың қатарында «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы», «Super pharm» және «Кaz Ir Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы бар. Аталған құрылымдардың қаржылық мәселелері «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында және «Халық банк» акционерлік қоғамы арқылы түбегейлі шешімін де тапты.
Өндіріс орындарының паспортын қалыптастыру нәтижесінде әр ауданның экономикалық және ресурстық әлеуетіне негізделген жаңа жобаларды енгізу, өндіріс нысандарын қайта жаңғырту жұмыстарының жоспары әзірленуде. Ол арқылы облыстық немесе республикалық бюджеттерден қаржыландыруға болатын нақты жобалар анықталатын болады. Бұл үшін ауылдық деңгейден бастап, облыс орталығына дейінгі кәсіпкерлік нысандарының ортақ паспорты болуға тиіс.
Биыл облысымызда 63 262 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп отыр. Олардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артқан. Соның нәтижесінде жұмыспен қамтылған жұмыссыздар саны 118053 адамға жеткен. Кәсіпкерлік құрылымдары тарапынан былтыр 321,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілген-ді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған кезден бастап 99,3 миллиард теңгені құрайтын 1382 жоба жүзеге асырылуда. Ал өткен бір жылдың ішінде жалпы сомасы 2,9 миллиард теңгені құрайтын 121 жаңа жоба жүзеге асырылыпты. Олар «Пайыздық ставканы субсидиялау», «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру», «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» тетіктері және гранттық қаржыландыру бойынша қаржыландырылды. Жалпы 2018 жылы екінші деңгейдегі банктер тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына 37,8 миллиард теңгеден астам несие берілді.
Елімізде индустриялық-инновациялық дамуға арналған мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығында (2015-2019 жылдар аралығында) жалпы құны 601,5 миллиард теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, барлығы 6600 жұмыс орны ашылатын болады. Оның ішінде 6 жоба 2018 жылы іске асырылып, 480 жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 31,1 миллиард теңгені құрайтын, 799 жаңа жұмыс орны ашылуына септесетін 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып отыр.
Өңір экономикасындағы негізгі қорға салынған инвестициялар көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, өткен жылы қорға 255,0 миллиард теңге құйылған болса, оның бюджеттік сомасы 22,2, өзіндік қаражаттар 71,1 пайызды құрады. Жалпы инвестиция көлеміндегі ішкі инвестиция 83, ал сыртқы инвестициялардың үлесі 17 пайызды көрсетіп отыр. Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі қорға салынған инвестиция сомасы 42,4 миллиард теңгені, шикізаттық емес сектордың негізгі қорына салынған инвестициялар сомасы – 161,7 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен бұл тұрғыдағы көрсеткіштің салыстырғанда 116,1 пайызға артқанын да атап өтуге тиіспіз.
Инвестицияларды мақсатты түрде тарту, оларды жүйелеу және инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету шеңберінде «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» құрылып, жұмыс істеуде. Орталық инвестиция тарту бойынша алдыңғы қатарлы агенттіктердің озық тәжірибесіне негізделген аймақтық даму институты ретінде қалыптасу үстінде. Бүгінгі күнге дейін мұнда жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық инвесторлармен 300-ден астам жеке кездесулер өткізілді. Сүйемелдеуге 30-дан астам жоба алынды. Нәтижесінде 18 мың жаңа жұмыс орнын құруға бағытталған 4,8 миллиард АҚШ долларын құрайтын, 2018-2026 жылдар аралығында іске асырылуы жоспарланған 70 инвестициялық жобаның базасы құрылып отыр.
Өңірдегі базарларды да қайта жаңартудан және жаңғыртудан өткізіп, біртіндеп заманауи стационарлы сауда кешендеріне айналдыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Ол үшін қазіргі кезде облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Бүгінде олар тобы базарлардың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізіп, басшыларымен бірлесе отырып, жаңарту мүмкіндігі және қажетті қаражат мәселелерін зерделеумен айналысуда.

Арнұр МҰХАМЕТЖАНОВ,
облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support