- Advertisement -

Моңғолиядағы қандастар Наурыз мерекесін бастап кетті

50

- Advertisement -

Жер-жаһанға көктемнің алғашқы айы да келіп жетті. Бұл ай мерекелерге де толы. Әсіресе шығыс халықтарының ежелден бергі мерекесі Наурыз тойдың орны бөлек-ақ. Ұзынқұлақтан естуімізше, қазірдің өзінде Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында тұратын қандастарымыз наурыз мерекесін тойлауды қызу бастап та кетіпті.
Әлеуметтік желіде моңғолиялық Ганзориг Чимэддорждың жазғанындай, биыл Наурыз мерекесін аталған елдің телеарнасы бастаған. Жалпы Моңғолия қазақтары арасында шығыс халықтары үшін жыл басы саналатын наурыз айын бастан-аяқ мерекелеу дәстүрі бар екен. «Жылда өзімізбен бірге жасасып, төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған ағаш уықты, киіз туырлықты қазақ ағайындарымыздың ұлттық мерекесін атап өтуді ұмытпаймыз. Әрине, өзім жастайымнан қазақ ағайындармен көрші тұрғандықтан бұл мерекенің қыр-сырын жетік білемін. Олар да біздің «шаған» аталатын мерекемізді бірге тойлайды. Екеуі де жыл басы мерекесі болып есептелетіндіктен, бұлар – моңғол мен қазақтың татулығының, береке-бірлігінің куәсіне айналған мерекелер. Әрине, бізге Ұланбатырда тұратын қазақ ағайындар көмектесіп, сахналық қойлымдар мен ұлттық киімдерді ұсынды. Әсіресе наурыз күні дайындалатын көженің дәмділігін айтуға сөз жетпейді», – дейді Г.Чимэддорж.
Ұлыстың ұлы күнінің танымалдылығы, тағылым-үлгісінің де молдығы қазақтың ұлылығының да өлшемі секілді көрінеді. Ұлы Дала елін жаңа жылдық жаңғырулар мен наурыз рухы кернейтін күнге де жеттік. Жаңа жылымыздың басталуымен, жамағат!

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support