- Advertisement -

ҚР Ұлт тық Банкінің шығарған монеталары туралы

52

- Advertisement -

ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (бұдан әрі — ҚРҰБ) ҚР Заңына сәйкес ҚР-ның ұлттық банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады. Сонымен қатар ҚРҰБ банкноттар мен монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы оларды айналымға шығару бойынша айрықша құқыққа ие.
ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары халыққа әртүрлі серия түрінде жоғары сападағы алтыннан және күмістен жасалған коллекциялық және ескерткіш монеталарды ұсынады және олар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен қолма-қол және қолма-қолсыз тәсілімен сатылады.
Соның бірі болып «Республика игілігі» монеталар сериясынан «Тазы» атты монета шығарылған болатын.
Тазы – аңға шығатын асыл тұқымды ит. Тазылар шапшаң әрі ұзақ жүгіруге қабілетті. Тазылар аңға өз бетінше, сол сияқты аң аулауға бейім құстармен бірге шыға алады – осы қасиеті үшін де бағаланады. Тазыны негізінен түлкі, қоян және қасқыр аулауға салады. Оның шығу тегі ерте заманнан бастау алады.
Монетаның бет жағында (аверсінде) ою-өрнек аясында «500 ТЕҢГЕ» номиналы және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазудың қоршауында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) тау аясында тазы тұқымдас үш иттің алтындатылған бейнесі орналасқан. Монетаның жоғары бөлігінде «ТАЗЫ» деген жазу, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31.1g» деген жазуы бар.
Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, тік бұрышы 45×30 мм, дайындау сапасы – «proof».
ҚРҰБ-нің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, Ұлттық Банк филиалдары сатқан монеталарын қайта сатып алуды жүзеге асырады. Қайта сатып алынған монеталар монета құрамындағы металдардың шынайылығын, оның сынамасы мен нақты массасын анықтау үшін сараптамаға жіберіледі. Сараптама нәтижесі оң болған жағдайда, Ұлттық Банк филиалы монетаны қабылдаған күннен бастап он күн ішінде, сараптама қорытындысын монета тапсырған тұлғаға хабарлап, монетаның құнын төлейді. Ал монета металының құны, монетаны тапсырған күндегі қалыптасқан бағаммен анықталады.
Егер монетаға салым жасауды ниет етсеңіздер, Ұлттық Банк филиалдарының кассаларынан қалаған монетаны сатып алуыңызға болады. Монеталарды төлем карточкалары арқылы, ақшасыз есеп айырысу жолымен сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Сонымен қатар www.nationalbank.kz сайтынан әрбір шығарылған монета туралы, оның суреттемесі, бағалары, таралымы жайлы бүкіл ақпаратты оқи аласыз. Толығырақ ақпарат алу үшін ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі 103, 105, 106-каб, тел. 8 (7262), 99-93-52.

Мақсат Сеңгірбаев,
ҚР Ұлттық Банкі
Жамбыл филиалының бөлім бастығының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support