- Advertisement -

Көше жолы көңілден шықпай тұр

56

- Advertisement -

Өткен жылдардан бері аудан орталығы Төле би ауылы мен Шу қаласы және бірқатар елді мекендердің көшелеріне асфальт төселді. Әрине, бұл жақсылықтың нышаны. Дегенмен сол жөнделіп жатқан жол сапасыз орындалғандықтан, бірер жылда-ақ ойдым-ойдым шұқырларға айналатыны да жасырын емес. Мәселен, Төле би ауылындағы Сүйінбек пен Жамбыл атындағы көшелердің көп жерлері бұзыла бастағанын да көріп жүрміз. Ал қоғамдық көлік көп қатынайтын Абай көшесі өткен жылдың жазында ғана жөнделгенімен, 2-3 ай өтер-өтпестен Қылышбай көшесімен қиылысатын тұсы ойылып, көліктердің жүріс-тұрысына едәуір кедергі келтіруде. Ол ол ма, емхана мен біршама мекемелер Абай көшесінің бойында орналасқандықтан, жаяу жүргіншілер жүретін жол «Париев» ЖШС қазып орналастырған газ құбырының үстіне дұрыс тапталып салынбағандықтан, едәуір бөлігі бұзылып, жауын-шашын күндері көпшілік саз балшық кешуге мәжбүр болуда.
Өткен жылдың жазында Төле би ауылындағы Қылышбай көшесіне асфальт төселді. Көршілермен қадағалау жұмыстарын байқасақ, асфальтты жұқалап 3 сантиметрге жетер-жетпес шамасында ғана төсеп келе жатқанын көріп, ауылдық округ әкімі Ербол Даберовты таба алмағандықтан аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев арқылы тұрғын үй-коммуналдық мекемесінің басшысы Зият Тұрсынұлын шақырып, құрылыс компаниясы жетекшілерінің көздеріне көрсетіп, жөнге келтіргендей болдық.
Автокөлік көп қатынайтын Шу қаласы мен аудан орталығы – Төле би ауылындағы көшелердің қиылыстарына жол белгілері орнатылуы қажет. Бұған қаржы табылмайды деу ақылға сыйымсыз.

Мәкен УАҚТЕГІ.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support