- Advertisement -

Әтір таңдай білесіз бе?

262

- Advertisement -

Жалпы қыз-келіншектерде әтірдің бірнеше түрі болуы шарт. Әдетте, олар кездесулердің түріне, жыл мезгіліне, тәуліктің әр кезеңіне сай қолданылады. Ал жақсы әтірдің бағасы қымбат. Сондай қымбат өнімнің жасанды болып шықпауы үшін оларды сенімді жерден ғана сатып алыңыз. Әтірдің тазалығына көз жеткізу үшін сатушыдан сапа сертификатын сұрауға құқыңыз бар.
Алайда ондай мүмкіндік екінің бірінде бола бере ме? Сондықтан иіссудың сапалысын, жақсысын мына төмендегідей ерекшеліктеріне қарай өзіңіз айырып үйренгеніңіз жөн.
Жалпы әтірдің қорабы қатты, сапалы, жазуы айқын болуы керек. Оның сыртынан жұқа целлофан оралады. Ал кейбір өндірушілер «жасанды бәсекелестерден» сақтанып, соңғы кездері целлофанмен қаптауды да қойды. Мұндай жағдайда картонның сапасына назар аударыңыз.
Әтірдің жазуын мұқият оқыңыз. Көптеген жасанды өнім өндірушілер айтулы бренд жазуының бір ғана әрпін өзгертіп жасайды (өзгертпесе базадағы тіркеуден өтпейді). Мысалы, Climat сөзінің орнына Clema, Kenzo орнына Genzo деп жазылуы мүмкін. Таза француз әтірінде «parfume»-c «e» жалғауларынсыз тек «parfum» деп жазылады. Сондай-ақ тауарды өндіруші ел, жасалған күні, жарамдылық мерзімі және құрамы көрсетіледі. Француз әтірінің штрих-коды 3 санынан басталады. Ұлыбритания 50, Германия 400-440, Испания 80-83, Франция 30-37, Канада 00-09 сандарынан басталатын штрих-кодпен белгілейді.
Ал иіссу құтысы таза, мөлдір болуға тиіс. Әтірге ешқашан металл қақпақ жабылмайды, себебі металмен әрекеттескенде иісі бұзылып кетеді. Сондай-ақ химиялық заттар қосылған әтірдің түсі қанық болады. Алайда соңғы кездері жасанды әтірлердің сырты өте сапалы жасалып жүр. Сондықтан иіссу бағасы көңілден шығатындай арзан болса да, күмәнмен қарағаныңыз жөн.
Таза әтірдің иісі ұзаққа жетеді. Хош иістердің ішіндегі ең қымбаты-әтір (parfum-духи), оның құрамының 30-40 пайызы хош иісті майлардан тұрады. Арнайы мерекелерде, кештерде 1-2 тамшысын сепсе, 6-9 сағатқа дейін иісі кетпейді. Күндізгі уақытта парфюмериялық су (eau de parfum- парфюмерная вода) сепкен тиімді. Алдыңғыға қарағанда бағасы арзан болғанымен, иісі жағымды. Эфир майы 8-14 пайыз мөлшерінде болады. Хош иісі 4-5 сағатқа дейін сақталады.

Ардақ САПИБУЛЛА,
студент.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support