- Advertisement -

Фируза Шәріпова жекпе-жектерден қанша табатыны айтылды

36

- Advertisement -

Фируза Шәріпова жекпе-жектерден қанша табатыны айтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық кәсіпқой боксшы, екі салмақ санатындағы әлем чемпионы Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский боксшының алдағы жоспарларын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы»парақшасына сілтеме жасап.

«Ева Вальстреммен жекпе-жекті көктемге ауыстыру туралы келісім бар, шамамен наурызда болатын шығар. Датасын ақылдастық, аренаға тапсырыс та беріп қойдық. Меніңше, келесі аптада нақты айқын болады.  Вальстремның алдында Алматыда аралық жекпе-жек өткізу ойда бар. Оны қаңтарда ұйымдастырғымыз келеді, бұл Фируза үшін үшінші салмақ болады. Алайда, қаржылай көмек керек. Фируза Қазақстанның туын ең жоғары деңгейде көтеріп жүр, оның бір жекпе-жегі жарты миллион доллар тұрады. Жалпы, 2019 жылы төрт жекпе-жек өткізу жоспарлануда», — деді Сергей Завилейский Alash Pride TV-ға берген сұхбатында.

Сондай-ақ оның айтуынша, АҚШ-та үлкен жекпе-жектер өткізуге ұсыныстар жасалған.

«АҚШ-та үлкен айқастарға ұсыныстар түсті. Бірақ, Геннадий Головкин арқылы білесіздер, онда төрелікпен кейбір қиындықтар туындайды. Бәрінің өз уақыты бар, біз тәуекел еткіміз келмейді. Тағы аздаған уақыттан соң Фируза алдына келгеннің бәрін нокаутқа түсіретін болады деп ойлаймын. Сонда бізге төрешілердің шешімі қажет болмайды, АҚШ-та бәрін жұдырықтаймыз», — деді ол.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support