- Advertisement -

Кешігіп келген олимпиада медальдарына сыйақы беріле ме?

44

- Advertisement -

Ольга РЫПАКОВА Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ауыр атлетшіміз Алла ВАЖЕНИНА сол байрақты бәсекенің алтын медальін алатын болды. Ал, Лондон олимпиадасында үздік үштікке ілінбей қалған Анна НҰРМҰХАМБЕТОВАНЫҢ қоржыны да қола медальмен толығатын болды. Мұндай қуанышты хабарды еліміздің Ұлттық Олимпиадалық Комитеті ресми түрде таратты.

Аттары аталған спортшылардың жеңіс жолында алға жылжуына 2008 жылғы және 2012 жылғы олимпиада ойындарындағы допинг сынамаларын, халықаралық олимпиада комитетінің қайта қарауы себеп болды. Сөйтіп, тұғырдан көрінгендер сынамадан өтпей

Бейжіңде ауыр атлетикадан 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алла Важенина бұған дейін өзіне есе бермеген қытайлық спортшының орнын басты. Яғни, алтын медаль алатын тұғырға көтерілді. Ал сол Бейжіңдегі байрақты бәсекеде жеңіл атлетші Ольга Рыпакова 4 орынға тұрақтаған еді. 2 мен 3 орынды иемденген ресейлік Татьяна ЛЕБЕДЕВА және грекиялық Хрисопия ДЕВИЦИ спорттан шеттетілген соң, жерлесіміз 2 орынға көтеріліп, күміс медальға ие болды. 2012 жылғы Лондонда өткен олимпиаға қатысқан спортшы Анна Нұрмұхамбетова да 5 орыннан 3 орынға жылжып, қола медаль қоржынына түсті.

Кешігіп келген олимпиада медальдарына сыйақы беріле ме?

– Бір жағынан әрине қуаныштымын. Өйткені қоржыным тағы да бір медальмен толығып жатыр. Оның өзінде де жай ғана жарыстың емес, олимпиада ойынының медальі. Екінші қырынан қарасам, сол Бейжіңдегі олимпиададан кейінгі уақытта бастан өткізген сезімді қазір сезе алмадым. Бірақ он жыл бойы болмаған медаль бірден пайда болғаны таңданарлық құбылыс – деді Ольга Рыпакова.

Дәл осы Бейжің олимпиадасы Ольга Рыпакованың ең алғашқы қатысқан байрақты бәсекесі еді. «Жүлдесіз қалдым» деп, жас спортшының сағы сонда да сынбады. Енді міне, оның қоржынында үш бірдей олимпиада ойындарының барлық медальдары бар. Ал, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері атанған Анна Нұрмұхамбетова болса, жеңіл атлеттің ойымен келіспейтін сыңайлы. 

– Естігенде қатты қуандым. Тіпті жүгіріп, секірдім. Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Қаншама жылдар өткен соң жеткен жаңалық мен үшін өте жағымды болды. Тезірек медальімді қолыма алсам екен – дейді, Анна НҰРМҰХАМБЕТОВА.

Ұлттық олимпиадалық комитет медальдарды алу мәселесін спортшылардың еншісіне қалдырып отыр. Қашан және қай жерде алғысы келетінін өздері шешеді.

Кешігіп келген олимпиада медальдарына сыйақы беріле ме?

– Ауыр атлетика туралы айтатын болсақ, бір шара аясында Алла Важенина мен Анна Нұрмұхамбетоваға бір уақытта сол медальдар қайтарылып берілетін шығар. Ол жағы әлі белгісіз. Біз Ольга Рыпакованың да шешімін күтеміз. Қай уақытта ол кісі осы күміс медальды алатынын айтады, бәрі соған байланысты – дейді, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми өкілі Жігер ӘЗБЕРГЕНОВ.

Спортшылардың жеткен жетістігіне яғни, алған орындарына байланысты берілуі тиіс сыйақы бұл жолы беріле ме, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Себебі, қазіргі қолданыстағы заңымызда дәл осындай жағдайда келген жүлделер үшін төленетін қаржының жайы қарастырылмаған. Бұл жайында еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ айтты: – қазір енді ғана белгіленіп жатыр ғой. Ол азаматтарға алу үшін сол заңға біз өзгерістер енгіздік. Қазір енді Парламентке кіргіземіз. Ары қарай талқыланады. Ендігі жылы сол заң қабылданғаннан кейін, оларға алуға мүмкіншілік болады деп үміттенеміз.

Негізгі фото: liter.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support