- Advertisement -

Белсенділік беделді биіктетеді

60

- Advertisement -

Дариға Ыдырысова,
«Өндіріс» бастауыш партия ұйымының төрайымы.

Мен басқаратын «Өндіріс» бастауыш партия ұйымы облыс орталығынан шалғайда орналасқан Сарысу ауданындағы Ж.Отарбаев атындағы орта мектеп базасында құрылған.
Бастауыш партия ұйымы мүшелерінің басым бөлігі мұғалімдер мен партия ардагерлері. «Өндіріс» бастауыш партия ұйымының 116 мүшесі, сондай-ақ бастауыш партия ұйымының арнайы техникалық және әдістемелік құралдармен жабдықталған жеке кабинеті бар. Мен жетекшілік жасайтын «Өндіріс» бастауыш партия ұйымы 2015 жылдан бастап республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының аудандық, облыстық байқауларына тұрақты түрде қатысып келеді. Оның ішінде, 2017 жылы байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық байқау қорытындысы бойынша Алғыс хатқа ие болдық. Соңғы екі жылда бастауыш ұйым қатары тағы 14 мүшемен толыға түсті. Аталған бастауыш партия ұйымында жылына бірнеше рет қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың мәселелерін тыңдап, қолдап, көмек беріп отырамыз. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымы Саяси кеңес бюросының 6 отырысы өтті. «Азаматты бірыңғай қабылдау», Ашық есік күндері, дөңгелек үстел отырыстары өтіп тұрады.
Біздің бастауыш партияның ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жалғызбасты ана Орынкүл Қойшыбаеваның үй шаруашылығына көмектесіп, еңбек ардагері Анна Тимошенко апайдың отбасына да сондай жәрдем көрсеттік. Бастауыш партия ұйымының ықпалымен ауыл мектебінің оқушылары Е.Өмірбаев пен Ү.Ерназаров облыстық экофорумдарға қатысып, жобаларын сәтті қорғады. Бастауыш ұйымның бастамасымен «Нұр Отан» партиясының мүшесі Д.Сатмаханованың бастамасымен «Туған өлке», «Туған өлкеге саяхат» кітаптарын баспадан шығардық. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияның саяси доктаринасына сәйкес әлеуметтік қызметтерге, өмірдің тиісті жоғарғы стандарттарында барлық азаматтардың қолжетімділігі тең болуы тиіс. Осы орайда бастауыш партияның қабылдау бөліміне келген мүмкіндігі шектеулі Мендияр Мелдеев пен Ердос Серікбекке қаржылай көмек берілді. Мүгедек жандардың мекемелерге кіріп шығуына қолайлы жағдай туғызу үшін пандустардың талапқа сәйкес болуы жіті назарда. Мектептегі мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасылардың балаларына жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында көмек беріледі. Биыл 15 оқушыға қайырымдылық көрсеттік.
«Жас Отан» жастар қанатының буын жетекшісі Ү.Жұматаевтың ұйымдастыруымен ауылда түрлі іс-шаралар жоспарға сай жүзеге асты. Партия саясатын жүргізуде ауыл жастарының белсенділігі жоғары. «Аға буын өкілдері жастардан үміт күтуде» тақырыбымен ауыл жастарымен кездесу, «Тіл – халықтың қазынасы» шаралары жоғары деңгейде өтті.
«Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы аясында жобалар өз дәрежесінде іске асырылып жатыр. «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша екі азамат аудандық жұмыспен қамту орталығынан 12,9 миллион теңге несие алып, кәсіптерін дамыта бастады. Өндіріс тұрғындарының ауызсу жұмысы аудан әкімдігі құрылыс, сәулет және қала құрылысы коммуналдық мекемесінің бақылауында. Қажетті құжаттары дайындалу үстінде. Өндіріс ауылындағы Ғ.Мұратбаев, Ж.Омарұлы көшелері күрделі жөндеуден өткізілді. Оған да бастауыш партия ұйымы ықпал етті.
Біздің бастауыш партия ұйымы 2016 жылы «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық кезеңінен екінші орын иеленді. Ал 2017 жылы осы байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, 80 мың теңгенің сертификатына ие болды. Ал республикалық кезеңдегі белсенділіктері Алғыс хатпен аталып өтті.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support