- Advertisement -

Халықтың қамқоры

70

- Advertisement -

Бүгінгі таңда азаматтық институттардың рөлі күн санап артып келеді. Олардың Елбасы-Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатын жүзеге асыруда және тапсырмалар мен міндеттердің орындалуына қоғамдық бақылау жүргізудегі рөлі зор.
Бүгінде жалпыхалықтың аса зор сеніміне ие болып отырған «Нұр Отан» партиясының облыстық партия ұйымдарында 337 бастауыш партия ұйымында 69039 партия мүшесі бар.
Елбасы-Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Барлық нұротандықтардың басты міндеті – халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істе дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғырту үдерістерінің басында болу» деп айрықша атаған еді.
Биыл есеп беру-сайлау науқаны асқан белсенділік жағдайында және үлкен өрлеу үстінде өтті. Осы саяси науқанда облыстағы 337 бастауыш партия ұйымдарында өткен есепті жиналыстарға 43492 партия мүшесі қатынасты. Облыстық партия форумы алдында партияның Тараз қалалық және аудандық филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары үлкен белсенділікпен өтті.
«Нұр Отан» партиясының Жарғысына сәйкес, партияның ұйымдық негізін бастауыш партия ұйымы құрайды.
Бастауыш партия ұйымдары бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды. Соңғы екі жылда өткізілген «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы бастауыш партия ұйымдары жұмыстарын жаңаша ұйымдастыруға аса зор ықпал етіп отыр. Бұл байқаудың ең басты мақсаты бастауыш партия ұйымдарының қоғамдағы белсенділігін арттыру және ішкіпартиялық жұмыстарға тың серпін беруге бағытталған.
Сонымен қатар үш кезеңнен тұратын байқаудың негізгі міндеттері үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтай отырып, олардың озық жұмыс тәжірибесін басқа да бастауыш ұйымдар арасында тарату болып табылады.

Партияның облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссиясы соңғы екі жылда партия филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарындағы қаржы-шаруашылық жұмыстары мен партияның мүшелік жарнасының барысына терең талдау жасауда үлкен белсенділік танытуда.
Партия облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссиясы партия филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарының жарна төлеу мен қаржы-шаруашылық жұмыстарын зерделеумен қатар, партия ұйымдары жетекшілеріне әдістемелік көмектер көрсету тәжірибесін кеңінен енгізуге қол жеткізді.
Елбасы-Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 2017 жылдың 3 қарашасында өткен Саяси кеңесінің кеңейтілген партияны жаңғырту жұмыстарын қолға алуды тапсырған болатын.
Осы орайда партия жыл басынан бері 20 бастамашыл жобаны іске асыруда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысу мақсатында Тараз қаласы мен аудандарда 12 ІТ сынып, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында 1 ІТ орталық ашылып, жұмыс істеуде. Аталған ІТ сыныптарда межеленген 1300 оқушы білім алып жатса, ІТ орталықта 50 тыңдаушы бағдарламалау жұмыстарын үйренуде.
Сонымен қатар облысымызда 9 коворкинг орталығы ашылып, онда жастар мен барлық тұрғындарды тарта отырып, олардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын және ақпарат алу алаңына айналуда.
Сондай-ақ ауыл жастарына ағылшын тілін үйретуде «English for Jastar» партиялық жобасы аясында аудандарда 8 ерікті 500 жасты оқытылуда.
«Нұр Отан» партиясы әрбір бастама мен жобаларын нәтижеге қол жеткізу арқылы жүзеге асырады. Оған партияның толық мүмкіндігі бар. Партия тарапынан ауқымды және нақты жұмыстар атқарылуда. Соның тағы бір дәлелі, еліміздің егде жастағы азаматтарын құрметтеуге бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партиялықтар тарапынан атқарылып жатқан ілкімді жұмыстар. Мысалы, жыл сайын «Қардан тазалау», «Ерлік ешқашан ұмытылмайды», «Қаһарман даңғылы» атты республикалық деңгейде өткізілетін акция аясында жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда облыс бойынша 176 Кеңес Одағының Батырлары және Даңқ орденінің толық иегерлерінің атындағы көшелер бар екені анықталып, Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында партия филиалдары батырларымыздың атына берілген көшелердің барлығына тазалық жұмыстарын жүргізіп, облысымыздың құлпыруына өз үлестерін қосты.
Жылдағы дәстүрге сай Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында облыстағы ҰОС ардагерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін зерделейді. Зерделеудің қорытындысы бойынша ардагерлердің мәселелерін жедел шешу жолдарын аумақтық филиалдар қолға алған. Бүгінде мәселелері оң шешімін табуда.
Жалпы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында түрлі бағытты қамтитын үш мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 45 мыңға жуық адам қамтылды.
Ал «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру мақсатында өңірде партиялықтар тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жарым жандарға қолжетімділігін зерделеу мақсатында 2017-2018 жылдары 800-ге жуық нысан партиялықтар тарапынан зерделенді.
Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесі, жәрменкесі, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды құттықтау сияқты ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – Астана қаласының 20 жылдығына орай партия облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Үміт сыйла» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының жәрменкесі өтті. Жоба шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат, дойбы және басқа да ойын түрлерінен спорттық шаралар өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында «Мектеп асханалары», жазғы лагерьлерде балаларға денсаулық сабақтарын оқыту мақсатында «Денсаулық сабағы» жобалары жүзеге асырылуда.
Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастауыш партия ұйымдары арасында «Үлгілі отбасы – рухани жаңғырудың тірегі» аудандық, қалалық, облыстық байқаулары өткізіліп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміз насихатталды.
Сондай-ақ жыл сайын «Балаларды мектепке даярлайық», «Нұр Отан» — балаларға!» акциялары, «Отбасын қолдау апталығы» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қайырымды іске барлық бастауыш партия ұйымдарымен партияның мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, партия белсенділері атсалысады.
Партия шығармашыл зиялы қауыммен жұмысты да жандандырып, «Зиялы қауыммен жұмыс» жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар партия облыстық филиалы жанында мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесі өз жұмысын жүргізіп, нәтижелі жұмыстар атқаруда. Есепті кезеңде кеңестің жеті отырысы өткізіліп, онда Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру мәселелелері, мәдениет пен өнер саласындағы жас мамандар мен талантты жастарға қолдау шаралары, айтыс өнерін дамыту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, мемлекеттік тілді оқыту, қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік материалдар мен оқулықтардың сапасы, облыстағы қазақ тілді БАҚ-ның қалыптасқан жай-күйі қаралып, тиісті шешімдер мен ұсыныстар жасалынды.
Облыстағы өзекті мәселелерді талқылау және оның шешу жолдарын қарастыру бойынша Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» облыстық коалициясы таптырмас диалогтік алаңға айналды. Коалция облыстағы барлық саяси партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдар, этно-мәдени бірлестік жетекшілерінің басын біріктіреді. Есепті кезеңде колалицияның тоғыз отырысы өткізіліп, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру және әліпбидің бірыңғай стандартын талқылау, «7-20-25» бағдарламасының орындалуы қаралды. Сонымен қатар коалиция мүшелері Елбасының әрбір бағдарламалық құжаттарын осы диалогтік алаңда талқылап, қолдау білдіріп отырды.
Партия облыстық және аумақтық филиалдарының негізгі жұмыстарының бірі Елбасы- Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың Жолдауындағы міндеттердің, бағдарламалық құжаттардың, оның ішінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалуын бақылауға алу болып табылады. «Нұр Отан» партиясы облыстың әрбір тұрғынымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге әрдайым дайын. Сондықтан да партияның облыстық және аумақтық филиалдары әрбір бастама мен жұмысты халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және өзекті мәселелерін шешуге бағыттап отыр. Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы жұмыстар атқарылып, өз жемісін береді.

 

Ерқанат Манжуов,
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалы төрағасының бірінші
орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support