- Advertisement -

Жастар жарап тұр

111

- Advertisement -

Дзюдо күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қоржынымызға екі бірдей қола медаль түсті. Алдымен 73 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Жанболат Бақбергенов жеңіске деген жігерінің арқасында үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бірқатар аламандарда жақсы нәтижелерімен көзге түсіп жүрген ол үшінші орын үшін өткен белдесуде ресейлік Давид Гамасовты жеңіп, мерейімізді тасытты.
Осы додада аралас командалық сында топқа түскен Қазақстан дзюдошылары да қола жүлдені қоржынымызға салды. Жарыс барысында кейбір спортшыларымыз бабында болмағаны айқын аңғарылып тұрды. Әйткенмен жастарымыздың бойынан жеңіске деген құштарлықты байқадық.
Құрамында Бауыржан Нарбаев, Аңсар Ғайнуллин, Жанболат Бақбергенов, Ерасыл Болат, Ғалия Тынбаева, Мөлдір Нарынова, Ақмарал Науатбек, Аида Карчаева сынды кіл мықтылар топтасқан ел құрамасы жартылай финалда Бразилия құрамасына 1:5 есебімен есе жіберген соң үшінші орын үшін өткен кездесуде Франция құрамасынан айласын асыра білді.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support