- Advertisement -

Германияның Кельн қаласындағы вокзалда белгісіз біреулер адамдарды тұтқынға алды

96

- Advertisement -

Германияның Кельн қаласының полициясы қала орталығындағы вокзалда адамдардың тұтқынға алынғаны жайлы мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Бреслауэрплац алаңында адамдар тұтқынға алынды. Полиция күштері оқиға орнына келді және мән-жайды анықтап жатыр», — делінген полицияның Twitter желісіндегі парақшасында.

Бреслауэрплац алаңына жақын маңда болған оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. Тұтқынға алынған адамдар саны әзірге белгісіз.

Кейінірек полицейлердің біріадамдарды дәріханада ұстап отырғанын және оқиға орнында түтін шыққанын айтқан.

Focus басылымы куәгерлерге сілтеме жасап, басында оқ атылғанын, соның салдарынан бір адам зардап шеккенін хабарлады. БАҚ мәліметінше, барлығы да ер мен әйелдің жанжалдасуынан басталған.

«Қазіргі уақытта біз атыс туралы және адам қайтыс болды деген мәліметті растай алмаймыз», — делінген полицияның Twitter желісіндегі парақшасында.

Пойыздар қозғалысы тоқтатылды, бірнеше темір жолдар мен алаң қоршауға алынды.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support