- Advertisement -

АҚШ-та соңғы 30 жылда болмаған дауыл: 1 млн адам эвакуацияланбақ

114

- Advertisement -

АҚШ-та соңғы 30 жылда болмаған дауыл: 1 млн адам эвакуацияланбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат — Оңтүстік және Солтүстік Каролинаға «Флоренс» атты алапат дауыл жақындап келеді. Қауіпті аймақта төтенше жағдай жарияланып, 187 мил қашықтықтағы жағалау аймағында эвакуация жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc.com сайтына сілтеме жасап.

«Флоренс» соңғы онжылдықтағы ең сұрапыл дауыл болуы мүмкін деген қауіп бар.

Миллион адамды, соның ішінде тұрғындарды, қызметшілер мен туристерді эвакуациялау қажет. Дауылдың күші бес балдық шкала бойынша төрт балмен бағалануда.

«Флоренс» осы өңірде соңғы 30 жылда болмаған аса қауіпті дауыл болуы мүмкін.

Мұндай күштегі дауыл бұл өңірде соңғы рет 1989 жылы болған еді. Төртінші дәрежеге жеткен «Хьюго» дауылы Солтүстік Каролинаны ойрандап, 7 млрд доллар залал келтірген. 49 адам дауылдың құрбаны болды.

Тағы бір кезеңсіз жағдай, бұған қоса жағалаудағы және ішкі өңірлерге толассыз жаңбыр жауып, су тасқыны болуы мүмкін.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support