- Advertisement -

Жамбыл облысында басқарма басшысы парамен ұсталды

245

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жамбыл облыстық әкімдігіне қарасты жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы 2 млн теңге пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«2018 жылдың 27 шілдесінде аймақтық Жемқорлыққа қарсы қызметінің жасырын тергеу іс-әрекеттерінің нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Т. есімді азамат ұсталды», — делінген хабарламада.

Ол Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан жер телімін тиісінше рәсімдеуге көмектесу үшін 2 000 000 теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Алдында 50 мың АҚШ долларына келісіп, соның 2 млн теңгесін алған болуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support