- Advertisement -

Роза Рымбаева Беларусь Президентінің наградасымен марапатталды 

253

- Advertisement -

Беларусь Президенті Александр Лукашенко отандасымыз Роза Рымбаеваға президенттік награданы табыс етті.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Витебскідегі «Славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікке» атты арнайы марапатын табыс етті.

Бұл туралы belta.by хабарлайды.

Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп ғана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету екендігін атап өтті.

«Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», — деді Роза Рымбаева. Роза Қуанышқызы барша халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.

ақпараткөзі:24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support