- Advertisement -

Бұлқынады балғын жүрек ұмтылып

160

- Advertisement -

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Тараз қаласындағы «Достық» алаңына жиналған бүлдіршіндердің жанарларынан шаттықтың табы сезіліп тұрды. Аңғал да адал жүрек иелерінің жанарларынан тазалық, мейірімділік атты ұғымдар ұшқындап тұрғандай.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру, еліміздің жүрегіне айналған Астананың 20 жылдық мерейтойына үлес қосу мақсатында балалар мен жастар музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің шеруі ұйымдастырылды. Балалардың бойында эстетикалық, патриоттық сезімдерді арттыруды көксеген шараға облыстың барлық өңірлерінен талантты, талапты жастар қатысты.
Шеруге қатысушы ұжымдардың әр бөлігінде кем дегенде 103 адам жүріп өтіп, өз өнерлерін ортаға салды. Шараны 60 жылдық тарихы бар М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенттері бастады. Көптеген халықаралық, республикалық спорт және өнер аламандарында қатарынан оза шауып жүрген оқу орны студенттері дауылпазда шебер ойнап, әдемі көріністер көрсетті. Сондай-ақ ТИГУ жастарының, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі студенттерінің, №13 темір жол колледжінің талантты өрендерінің шеру барысында көрсеткен өнерлері де көпшілік көңілінен шықты. Мұнымен қоса, барлық аудандардан келген бүлдіршіндердің де ерекше дайындықпен келгені аңғарылып тұрды. Сонымен қатар талай білім, өнер додаларында толайым табыстарға қол жеткізіп жүрген «Дарын» мектеп интернатының, Бауыржан Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназиясының түлектері де шараға белсенді қатысты.
Талабы таудай талантты балалар өнерлерін ортаға салған шеру жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны қуантты. Ең бастысы, балалар төл мереке­лерінен әдемі әсермен қайтты.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support