- Advertisement -

Ескерткіштер ескерусіз қалмаса…

109

- Advertisement -

Ұлы Отан соғысында қиян-кескі ұрыстарға қатысып, елге аман-есен оралған ардагерлер саны жыл өткен сайын азайып бара жатқаны баршаға аян. Тоқсаныншы жылдары Тереңөзек ауылдық округінде алпысқа жуық соғыс ардагері болды. Бүгінде олардың қатары сиреп, біразы өмірден озды. Кезінде Жамбыл атындағы ұжымшар басқармасы тарапынан ардагерлерге Жеңіс күніне орай тұрақты түрде бағалы сыйлықтар беріліп, мәдени іс-шаралар өткізіліп тұратын. 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдығына орай майдан даласында мерт болған боздақтардың есімдері мәрмәр тасқа қашап жазылып, арнайы саябақ ашылған болатын. Ашылу салтанатына соғыстан оралмай қалған майдангерлердің ақ жаулықты аналары, жесірлері мен ұрпақтары қатысқан еді.
Сол саябаққа Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Шолаққайыңды ауылының азамат­тары бас болып, «Ерлікке тағзым – ұрпаққа ұлағат» атты ескерткіш тұғыр орнатып, темірмен қоршап қойды. Айналасына ағаштар егілді. Қазір жасыл желек жайқалып тұр.
«Ауылына қарап, азаматын таны» деген сөз осындайда айтылса керек. Алдыңғы буын ағалардың өнегелі істері кейінгі жастарға үлгі болса игі. Өскелең ұрпақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып соғылған осындай ескерткіштерді қараусыз қалдырмаса деймін.

Бейбіт Байсариев

Т.Рысқұлов ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support