- Advertisement -

Кестемен жүру Кеңес одағымен кеткен сияқты

90

- Advertisement -

Қала, аудан, ауыл болсын, жүргіншілер мінетін көлік өз кестесімен жүруі тиіс. Мұны тиісті мекемелер қолға алатын уақыт әбден жетті. Өйткені қоғамдық көлік көпшілікке қызмет етеді.

№9 автобус қаладан шығып, Қант зауытымен өтіп, Талас стансасынан соң бұрынғы «Қызылша» совхозынан қайтады. Ауыл тұрғындары 800-900-ден асады. Бірақ автобустың жүрісі оңбай тұр. Жүргіншілер 1-1,5 сағат аялдамада тұрып қалады. Жолдасым қоғамдық көлікке мінген сайын үйге жылағандай боп келеді. «Қант зауыты аялдамасында №9 автобусты бір сағаттан аса күттім. Аялдамада адам көп, балалы әйелдер де бар», – дейді.
Біздің «105 разъезд» аялдамасы үлкен жолдың үстінде. Әлгі №9 автобусымыз келмеген соң аялдамадағы жұрт көрінген көлікке қол көтеріп, такси жалдап, әйтеуір мініп кетіп жатады.
Тараз қаласының өзінде автобустардың жүріс кестесі ілінбейді. Баяғы қазақы кеңқолтық әрекетке салып жүр. Ал автобус жүргізушілеріне осындай «кеңқолтық» басшылар өте тиімді екенін қала әкімі білсе екен дейміз.
Адамдар мінетін автобустардың өз кестесі және бағытымен жүруі үлкен мәдениеттілікке және адамгершілікке жатпай ма? Сондықтан осыған Тараз қаласының әкімі және «Нұр Отан» партиясының облыстық және қалалық филиалдарының басшылары көңіл бөлсе дұрыс болар еді.

Әбдуәлі ДАНАЕВ,
зейнеткер

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support