- Advertisement -

Туған өлкенің тарихын таны

223

- Advertisement -

Зиялы қауым өкілдерін толғандырып келген руханият мәселесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында кеңінен қамтылған. Көкейдегі көп түйткілді тарқатқан бағдарлама сөз жүзінде ғана қалмай, уақыт оздырмай іске асырылуы тиіс шаруалар қолға алынды. Елбасы еңбегі осынысымен аса құнды.

Ұлт Көшбасшысы аталған мақалада «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсына отырып: «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», – деп, атап көрсеткеніндей әрбір жан өзінің өскен өлкесін құрмет тұтады.
Бүгінгі күні қасиетті Құлан өлкесінен түлеп ұшқан талай таланттар егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүр. Мен Ыбырай салған сара жолды таңдағандықтан, шәкірттеріме осынау ғажап туған өлкеміз бен еліміздің тарихын танытуға тырысамын. Елбасы мақаласында айтылған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына лайық VII ғасырдағы қытай, араб жазба деректерінде кездесетін Құлан жеріндегі ортағасырлық қала хақында әр кез айтып жүремін.
Көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан осынау дүбірлі дүниеде сана-сезімі жаңғырмаған, рухани серпіліс жасамаған мұғалімнің өзгелерге үлгі болуы екіталай. Біз, Мемлекет басшысы айтқандай, рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырғанымыз жөн-ақ. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету. Сонда ғана шынайы рухани кемелденіп, ұлттық дамудың ұлағатты үлгісін көрсетеміз.

Гүлнұр Жамалбекова,
Ю.Гагарин атындағы негізгі мектептің
тарих пәнінің мұғалімі

Құлан ауылы,
Т.Рысқұлов ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support