- Advertisement -

Өткеннің ұлылығын өсиет ету керек

108

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел үшін, ұлт үшін маңызды, өзекті мәселелерді қамтыған. Рухани жаңғыру бүгін немесе кеше пайда болған қажеттілік емес. Елбасы тәуелсіздікке қол жеткізе салысымен ұлттық құндылықтар, тарихи дүниелер, мәдени мұраларды жаңғыртуды қолға алды. «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларының жүзеге асуы – осыған дәлел. Бұл – бабалар алдындағы ұрпақ парызы.

Еліміз бүкіл әлемге қара алтын өндіруші ел ретінде танылды. Алайда қазақ жерінің табиғи байлығы ғана мол емес, рухани да бай екенін әлем мойындауы тиіс. Сондықтан бұл мәселе тек билік басындағылармен бірге қоғамның әрбір мүшесінің алдына қойылып отырған мақсатқа айналуы керек.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында латын қарпіне көшу, «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Үш тұғырлы тіл» және тағы басқа маңызды жобалар көрініс тапқан. Ұлт рухына азық болатын осы бастамалар бір жылдың немесе онжылдықтың аясында атқарылатын жұмыс емес. Рухани дүние, рухани білім, рухани құндылық халықтың тұла бойына тарағаннан кейін де жалғаса беретін, ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз өтіп отыратын мәселе болмақ.
Қазір ғылымда қазақтың ең ежелгі халықтардың қатарында әлемдік өркениетке үлес қосқан, ірі мәдени мұралары бар мемлекет болғанын дәлелдеген еңбектер жарық көріп жатыр. Біз жас ұрпаққа осындай ежелден келе жатқан ірі мемлекеттігімізді, бірлігімізді, халқымыздың ұлылығын өсиет етуіміз керек.

Нұрлан ЖҰМАҒҰЛОВ,
облыстық соттың судьясы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support