- Advertisement -

Бірігу – береке бастауы

123

- Advertisement -

Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында елімізде ауыл шаруашылығын серпінді дамыту, ұсақ агроқұрылымдарды және жеке тұлғаларды кооперативке біріктіру туралы жиі айтып келеді. Президент «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек» деп ерекше атап көрсетті.

Кейінгі кезде бұл іс ауданында жандана түсті. Қазір ауданда 14 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыс істейді. Құландықтар бүгінде оның тиімді, кәсіпкерлікті кедергісіз дамытатын жол екеніне айқын көз жеткізіп отыр. Кооператив мүшелері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мекемесінен жеңілдікпен несие алып, өз шаруаларын дөңгелетуде. Олар өндірген өнімдеріне мемлекеттен субсидия да алады. Бұрынғыдай егін және мал өнімдерін қайда өткіземіз деп те бас қатырмайды.
Бұл істі осыдан екі жыл бұрын ауданда бірінші болып құрылған «Құлан Агро Сервис» ауылдық тұтыну кооперативі қолға алған-ды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне техникалық қызмет көрсету мақсатында 30 шаруа қожалығын жер үлестерімен қосып алды. Сондай-ақ «Аққайнар» шаруа қожалығы негізінде сүт кластері кооперативі құрылды. Агроқұрылымда 150 мүйізді ірі қара бар. Ал «Бай Алғабас» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ет бағытындағы 287 мүйізді ірі қараны бордақылауда.
Былтыр құрылған «Жасмин», «Сұлутөр», «Құлан Агро группа», «Береке», «Көгершін – 2017», «Бейшенбек Агро», «Жарлысу», «Алатау Агро», «Құлан шикізат өнімдері», «Аспан» және «Жаңатұрмыс» ауыл шаруашылығы кооперативтері егін және мал өнімдерін өндіру, мал бордақылау, техникалық қызмет көрсету және жылыжай шаруашылығы жұмыстарымен шұғылданады. Бүгінде бұл істің тиімді екеніне көз жеткізген аудандағы көптеген шаруа қожалықтары ірі кооперативтерге қосылуға ниет білдіруде.

Ерғазы Еспенов,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Т.Рысқұлов ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support