- Advertisement -

Үздіктер марапатталды

90

- Advertisement -

Энергетиктердің кәсіби мерекесіне орай Тараз қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысты. Жиында «Жамбыл электр желілері» мекемесінің бас директоры Әлихан Жарболов баяндама жасап, саланың бүгінгі жетістіктеріне кеңінен тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды да тілге тиек етті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы өңірдің экономикалық дамуына сала қызметкерлерінің қосып жүрген үлесі жоғары екенін атап өтіп, бірқатар еңбек озаттарын облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты жиын соңы облыс өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support