- Advertisement -

Облыс әкімі әріптесімізге пәтер кілтін тапсырды

129

- Advertisement -

3fe08f87-3c35-47c7-ad3c-66cd735684b5 46338e90-bade-496b-8406-7f46a3288b7f df70d991-aa7f-4b96-bc9a-34e665bcea7d

Жыл жабылар тұста журналистердің мерейі тасыды. Дәстүрге сай облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ақпараттық қолдау көрсетіп, басылым беттерінде түрлі жанрда мақалалар жазып, телеарна арқылы сапалы сюжет, сан қырлы бағдарламалар ұйымдастырған тілшілер қауымын қабылдап, әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанған әріптестерімізді марапаттады.

Басқосу барысында сөз сөйлеген Кәрім Нәсбекұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуын БАҚ бетінде тұрақты жариялап, ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқан журналистер қауымына алғысын білдірді. Облысымыз 11  айдың қорытындысында барлық сала бойынша 100 пайыздық көрсеткіш көрсетіп отырғанын мәлімдеген Кәрім Нәсбекұлы 2025 жылға қарай өңіріміздің аграрлы-индустриалды аймақтан индустриалды аграрлы өңірге айналуына мүмкіндік мол екенін, оған қазірдің өзінде негіз қаланып жатқанын тіліне тиек етті.

Марапаттау рәсімінде тілшілер қауымына үлкен тосын сый жасалды. Ұзақ жылдар бойы «Арай» жастар газетінде талмай еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз, фототілші Алтынбек Қартабайға облыс басшысы 117 шаршы метрлік 3 бөлмелі пәтердің кілтін тапсырып, жиналғандардың қуанышын еселеді. Сондай-ақ республикалық, облыстық газеттер мен телеарналардың журналистері де арнайы аталымдар бойынша марапатталып, дипломға және қаржылай сыйлыққа ие болды. Жүлдегерлер қатарынан «Үздік талдамалық материал» аталымы бойынша газетіміздің «Саясат және әлеумет» бөлімінің редакторы Ардақ Үсейінова, «Индустрия және инновация» бөлімінің редакторы Баймаханбет Ахмет, «Мәдениет және спорт» бөлімінің редакторы, осы жолдардың авторы Табиғат Абаилдаев және «Үздік фото тілші» номинациясы бойынша Ақәділ Рысмахан көрінді. Қуаныш құтты болсын, әріптестер!

 

 

Ақжол ақпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support