- Advertisement -

«Сұлулық құрбандықты талап етеді» деген осы ма?

210

- Advertisement -

Сұлу болу үшін ота жасатып, адам шошырлық күйге түскен қытайлық қыздар еліне қайта алмай отыр деп жазады
Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ ақпарат агенттігі.
Қыздар Оңтүстік Кореяға барып сұлулана түсу үшін пластикалық ота жасатқан. Алайда, бір аптадан соң үйлеріне қайтпақ болған оларды Оңтүстік Кореяның әуежайында шекарашылар жібермей қойыпты.
Себебі, ота жасатқан соң қыздардың беттері ісіп, түрлері адам танымастай өзгеріп кеткен. Тексеру бекетіндегілер қытайлық қыздардың қазіргі келбеті төлқұжаттағы суреттеріне мүлде ұқсамайтындығын айтып, оларды елдеріне жібермей, әуежайда ұстап отыр.
Бүгінде қыз-келіншектердің дені сыртқы келбетін өзгерту үшін, түрлі қадамдарға барып жатады. Солардың құлағына «алтын сырға». Енді осы жағдайдың көп адамға ой салары даусыз…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support