- Advertisement -

Апат айтып келмейді

120

- Advertisement -

Төтенше жағдайларға байланысты дайындықтар пысықталды

Біздің өңір жер сілкінісі болуы мүмкін аймақтардың қатарына жатады. Сондықтан, қатерлі жағдайлардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалу аса өзекті.

IMG_2208 IMG_2061 IMG_2038Үш жыл сайын жер сілкін-ісінің қаупі бар облыстарда ұйымдастырылатын респуб-ликалық командалық –штабтық оқу-жаттығу шарасы – «Жер-2017» бейсенбі күні Тараз қаласында өтті.
«Жамбыл облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау» тақырыбымен өткен оқу-жаттығу жиынына еліміздің Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері, облыс әкімінің орынбасарлары, орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық құтқару қызметтері мен құрамалары, облысымыздың азаматтық қорғау қызметтері, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері қатысты. Оқу-жаттығу жиынына арнап, Тараздағы көлік базары аумағында, 10 гектар жерге әскери шатырлардан қалашық тұрғызылды.
Оқу-жаттығу шарасына арнайы келген Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин облыс әкімінің орынбасарларымен және төтенше жағдайлар саласының мамандарымен жиын өткізді. Басқосуда республикалық сейсмей-калық институт мамандары облысымызда 8-9 балл шамасында жер сілкінуі қатері бар екенін айтып, сақтану шараларына тоқталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков өңірдегі апатты жағдайларға қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын айтты.

Мұнан соң Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков облысымыздағы төтенше жағдай қызметіне арналған құрылымдардың командалық құрамымен танысты. Олар алдымен қоғамдық тәртіп сақтау және өрт сөндірушілер командасымен кездесті. Ю.Ильин жедел құтқару командасының арнайы киімдеріне, автосатысы мен су шашатын автомашиналарына назар аударды.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар қызметі орналасқан шатырдағы жылжымалы басқару кешенімен танысты. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрақтандыру және байланыс бөлімінің басшысы Қалдыбай Қаражанов бұл қондырғы кез келген нүктеден, кез келген жағдайда байланыс тарата алатынын, «Спутник» байланыс, толқынды және қысқа толқынды байланыстар таратуға мүмкіндігі мол екенін айтып берді. Министрдің орынбасары осындай жаңашыл, тиімді қондырғыларды өзге өңірлердің де қолдануы қажеттігін атап өтті.

* * *
Оқу-жаттығу жиынының екінші күні де маңызды шараларға толы болды. Бұл күнгі шара Тараздың «Арай» мөлтек ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлерде қауіпті жағдай орын алған сәтте қандай көмек көрсетілуі керек екенінен басталды. Осы орайда көп қабатты үйдің 5 қабатынан секірген адамдарды арнайы құрылғылар арқылы құтқару, пәтерлерден тұрғындарды жедел алып шығу шаралары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құтқару тобы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз металлургия зауыты аумағында да жаттығу жұмыстарын жүргізді. Мұнда мұнай өнімдері бар қойма, химиялық өнімдер қоймасы «өртке оранып», оның салдарынан туындаған апатты жою жұмыстары жүзеге асты. Арнайы топтың көмегімен «қызыл жалын» жедел ауыздықталып, зауыт қызметкерлеріне апаттың алдын алу шаралары да түсіндірілді. Апаттан құтқару жұмыстары «Жамбыл электр желісі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де Талас темір жол стансасында да жүзеге асты. Авариялық құтқару қызметі құрылымдарының жұмыстары осылай жалғасты. Қандай апат кезінде де нәтижелі шара қолдануға мүмкіндіктер бар екен. Оқу-жаттығу жиынына жиналғандардың көзі осыған жетті.
Мұнан соң республикалық құрылымдардың ұйымдастырумен апаттан құтқаруға арналған тікұшақ Тараз көлік базары аумағына келіп қонды. Тікұшақтан құтқару тобының өкілдері түсіп, жаңа қондырғылармен таныстырды. Бұдан кейін үйлердің қираған орны мен құлаған талдардың, үйінділердің арасынан иісшіл иттердің көмегімен «апатқа ұшыраған» адамдар іздестіріліп, табылып, оларға жедел медициналық көмек көрсетілді. Жалпы, екі күндік шараға 2 мың адам қатысып, 180-нен астам техника жұмылдырылды.
Республикалық оқу-жаттығу жиынының соңында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, шараның екі күн бойы жоғары деңгейде өткенін, облыс аумағындағы құрылымдарда төтенше жағдайлар бола қалған кездерде құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға дайындық жақсы ұйымдастырылғанын айтты.
Келесі кезекте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз алып, біздің өңір жер сілкінісі болуы қаупі бар аймаққа жататынын, әсіресе, Тараз қаласы мен Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов, Талас аудандары бұл жағдайға бейім екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол бүгінгі шара апатты жағдайларға қатысты ережелерді біліп жүруде тұрғындардың белсенділігін арттыратынын, төтенше жағдайға дайын болуға бейімдейтінін айтты. Сонымен қатар оқу-жаттығуға белсене қатысқандарға ризашылығын білдірді.

Есет досалы,
«Ақ жол».

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support