- Advertisement -

Диадема немесе қола дәуіріндегі әйелдер

936

- Advertisement -

Қола дәуірі әйелі Чакка қорымы (Өзбекстан) дереккөздері бойынша екі самайынан симметриялы шығыршықталған, алтынмен көмкерілген шолпы түскен маңдайға байланатын бас киім киген. Әйелдің белі белбеумен тартылған. Ол балағы қола моншақтармен әсемделген шалбар киген.
Бас киім барлық кезде де әйел киімінің басты элементі болып табылған. Сиаб қорымындағы (Өзбекстан) әйел басына самай тұсына сегіз бейнесіндегі шолпыны ширатылған жүннен есілген баулар арқылы тағылған тері «диадема» киген. Бұл диадема күн сәулесінен қорғайтын жамылғыш сыртынан ғана киілген.
Қола дәуіріне табылған көптеген қыш бұйымдары да жатады. Қола дәуірінің ерте кезеңінде ыдыстар ат қылы немесе жуан жүн жіптерден тоқылған матадан жасалған қалыпқа құйылған қыштан жасалды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ыдыстар үрленген, дөңгеленген формалы болып келеді. Ыдыстың өмір қалыбы, тіршіліктің сусын беру көзі ретіндегі ұғым сол кездің өзінде-ақ әйелдің бала туу қызметімен, табиғаттың өзінің өсіп-өнуімен бірдей қабылданғандығын байқатады.
Қыш ыдыстарды дайындау ұзақ уақыт бойы әрбір андронов отбасы барлық қажетті затты өзі дайындаған үй шаруашылығымен байланысты болды. Үй шаруашылығында әйел еңбегі бірінші орында тұрды. Ол ыдысты дайындады, ыдыстарға өрнек салды, өйткені өрнек сиқырлы мәнді білдірген. Үй жануарларын өсіру ежелгі қоғамға тек қана азық-түлік өнімдерін алуды беріп қана қоймай, сонымен қатар жүн, тері, сүйектерді түрлі бұйымдар жасауға, тезекті отын ретінде қолдануға мүмкіндік берген. Әйел иірген, тоқыған, киім тіккен, оны түрлі-түсті жіптермен өрнектеген, інжу және моншақтармен әсемдеген, бастырмалар тіккен. Теріден ол жануарлардың терісінен тілінген қайыстармен аяқ киім тіккен.
Археологиялық мәліметтер қоғамда әйелдің маңызды орын алғандығын сипаттайды. Адам ұрпағын жалғастыру мен сақтау мүмкіндігі әйелді өте жоғары әлеуметтік сатыға қойған және оның өмір беруші ретіндегі орны жоғары бағаланған, бұл археологиялық ескерткіштер материалдарында тіркелген.
Әйелдің бас киімі мен киімінің қайтадан қалыпқа келтірілуі оның қоғамдағы әлеуметтік орнын көрсетеді. Әйелдер таққан қола әшекейлер тек қана тұрпайы көрінетін жүннен жасалған киімге, шалбарларға және ұзын көйлектерге әдемі қосымша ретінде ғана қызмет етпей, сонымен қатар қорғаныс функцияларын қоса атқарған, жас ерекшелігін көрсеткен және т.б. Андронов тайпаларының дәстүрлі рәсім тәжірибесінде бас киімге деген мінез-құлықтық архетиптік тәртіп қалыптасқан. Бас киімдерді кию әйел дамуының өмірлік және жас ерекшелік кезеңдерімен – қыз баладан әйелге дейін байланысты болған. Бас киім әлеуметтік мәртебенің белгісі ретінде қызмет еткен.
Белгілі мәдениет жүйесінде өмір сүре отырып, өз киімдерін түрлі тұмарлармен безендірген әйел салт-дәстүр сақтаушысы, сиқырлы білім қайнары ретінде көрінеді. Оның санасында қоршаған өмір сүріп отырған ортасы өзіне көмек беретін, не зиян, ауру мен ажал әкелетін түрлі қас, не қайырымды жындарға толы болып көрінген. Ол әртүрлі ырымдарды жасап, табиғат күштеріне, ата-баба немесе жануарлар рухтарына табынған.
Адамның дүниетанымдық және діни көзқарастары қола дәуірінде жоғары шығармашылық деңгейдегі тасқа бейнелеу өнерінде көрініс тапқан. Жетісу (Тамғалы), Жоғарғы Ертіс бойы (Ақбауыр) мен басқа да көптеген Еуразия далаларындағы орындарда кездесетін сансыз және түрлі петроглифтер адамның табиғи негізіне барып тірелетін дүниетану жөніндегі түсінігінің қос бірліктегі қарама-қарсы құрылымын көрсетеді. Қос бірлікке байланысты ұғым әйел мен еркек, аңшы мен аң, есі дұрыс адам мен есалаң арасындағы қарама-қарсы қарым-қатынас түрінде бейнеленеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support