- Advertisement -

Ақ қыз

147

- Advertisement -

Не екенін ұмытқам қуанудың,
О, құдірет, көңілім қуарулы…
Тереземе тоқылған тентек қырау,
Көрсетеді келбетін бір арудың.

Саусағынан сорғалап, дала ағарып,
Жауатұғын үлпілдеп қала қары.
Аяз сүйген бетіңді, айтшы, қалқам,
Жылытып жүр қай жанның алақаны.

Мұңымды ұрлап, жасырған қарақшы қыс:
Сен сезімге, мас едің шарапқа біз.
Ерінімде сәл ғана кідірдің де,
Еріп кеттің сол күні талапшыл қыз.

Ұстап алып көк бұлттың кетік ұшын,
Кету үшін әлемнен етегі сұр.
Тағы қанша күтемін қар жауғанын,
О, Күрең қыз, мен саған жету үшін.

Шайырлардай қол создым көкке кеше,
(Шарасыздан қайғыны текке кешем.)
Сағымыңа ілесіп, мен өзіңді,
Сағынатын әдетім өкпелесем…

Файзулла Төлтай,
М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support