- Advertisement -

Робот жасауды үйретеді

133

- Advertisement -

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері робот техникасы жобасын іске қосты. Оқу орнының 50 жылдығына орай мониторинг және педагогикалық зерттеу орталығының бастамасымен қазір осы жоба аясында «ТарМПИ – мектепте» акциясы өткізілуде. Нақтырақ айтсақ, болашақ ІТ технологтар аудандарды аралап, мектеп оқушыларына робот жасаудың қыр-сырын таныстыруда.
Осындай кездесулер жақында Қабылбек Сарымолдаев ауылындағы В.Савва, И.Трубицын, Қ.Сарымолдаев, Т. Рысқұлов, А.Қосанұлы атындағы тірек мектептерінде және Т. Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясында өтті. ТарМПИ студенттері 8-11-сынып оқушыларына арнайы бағдарламаны пайдалана отырып, Lego құрастырылмалы бөлшектері арқылы өздігінен қимылдайтын робот машиналарын, заманауи техникаларды жасау жолдарын үйретуде. Студенттер тәжірибе сабағын алдымен шағын машина құрастырудан бастайды. Оқушылардың қызығушылықтары болса, бағдарламаны күрделендіре түседі.
Кездесуде физика және физиканы оқыту әдістемесі мен химия және химияны оқыту әдістемесі кафедраларының оқытушылары тұрмыстық жағдайда болатын ерекше құбылыстарды тәжірибе жасау арқылы көрсетіп, оның мәнін түсіндіріп берді. Ал психология және акмеология кафедрасының ұстаздары 11-сынып оқушыларына «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында тренинг жүргізді.
Алдағы уақытта акция Т. Рысқұлов, Талас аудандарында, Қаратау қаласында жалғасын табады деп күтілуде.

ТарМПИ-дің ақпараттық-имидждік қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support