- Advertisement -

Бағдарлама арқылы бақуатты болғандар көп

113

- Advertisement -

Біздің ауылдық округіміздің аумағы мал мен егін шаруашылығын дамытуға қолайлы-ақ. Жалпы жер көлемі 25320 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланатын жер – 18175 гектар. Барлық егістіктің көлемі 2278 гектар болса, оның суармалысы – 1175, тәлімі жері 1103 гектар. Ауылдағы 386 отбасында 2381 адам тұрады. Кеңес атындағы орта мектеп, 50 балаға арналған «Айгүл» балабақшасы, ауылдық дәрігерлік амбулатория, ыңғайластырылған ауылдық клуб, кітапхана және «Қазпошта» бөлімшесі мекемелері тұрғындар үшін мінсіз қызмет көрсетуде.
Ауыл шаруашылығы саласы жылдан-жылға дамып келеді. Округтегі шаруашылық құрылымдарының иелері әртүрлі мемлекеттік несиелендіру бағдарламалары бойынша жеңілдіктерді пайдаланып, кәсіпкерліктері желісін кеңейтуде. Бүгінде мұнда егін және мал шаруашылығымен айналысатын 100 шаруа қожалығы тіркеліп отыр. Бұдан басқа алты бірдей азық-түлік дүкені бар.
«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында бірқатар шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жандандыра түсті. Атап айтқанда, «Алтын асық» бағдарламасы аясында «Төлепберген ата» шаруа қожалығы 12,5 миллион теңге несиеге 500 бас қой алып, мал шаруашылығын дамыту ісін қолға алды. «Сіргебай ата» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 20 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, 100 бас ірі қара малын сатып алды. Шаруашылық сүт өндіру, ірі қара малының тұқымын асылдандыру бағытында жұмыс істеуде. Сондай-ақ, өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары Дәурен Сыдықов жеке ісін ашу үшін 1 миллион 600 мың теңге несие қаражатқа 6 бас жылқы сатып алып, өзін-өзі тұрақты жұмыспен қамтыса, Асылбек Жазылбеков сүт өндіру және етті мал бордақылау мақсатында 6 миллион теңге несиеге қол жеткізді.
«Шилі қарын», «Кенжебай ата», «Сіргебай ата», «Төлепберген ата» шаруа қожалықтары көптеп мал өсіріп, тиісінше субсидияларын алып отыр. Бұл – мемлекеттік бағдарламалар аясында шаруаларға көрсетіліп жатқан үлкен қолдау.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес, өткен жылы бюджеттен 2 247 мың теңге бөлініп, осы қаражаттың есебінен ауылдағы Ораз, Абай, Жамбыл, Ғ.Мұратбаев, Әділбеков, Қ.Сәтбаев және А.Суханбаев атындағы көшелерге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінен түскен қаржының есебінен, яғни 254,0 мың теңгеге «Кеңес» орта мектебіне бейнебақылау, жалпы құны 1 миллион 501 мың теңгеге аталмыш білім ордасына өрт қауіпсіздігіне байланысты дабылқаққыш орнатылды.
Мәдениет саласында да оң өзгерістер орын алуда. Бүгінде Көптерек ауылдық кітапханасында кітап қоры – 7779 данаға жетіп, кітапханадағы кітап қоры 288 дана әдеби кітаппен толықты. Балаларға арналған жаңа кітапт та жеткілікті. Ауылдық ыңғайластырылған клуб та тұрғындардың думанды ордасына айналған.
Ел тәуелсіздігін жариялаған жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткіш орнатылса, 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған стелла бой көтерді. Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішті ағымды жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 478,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындарының демеушілігімен Ұлы Отан соғысына қатысып, «Кеңес» колхозында еңбек етіп жүріп, қайтыс болған 94 еңбек және соғыс ардагерінің аты-жөні мәрмәр тасқа жазылып, естелік тақта қойылды.

Қанат ТЕЛЕУОВ,
Көптерек ауылдық
округінің әкімі.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support