- Advertisement -

Шерқала тауының жұмбағы шешілді

165

- Advertisement -

«Наномир» ресейлік зертханасының қызметкерлері компьютер арқылы модельдеу арқылы Шерқала тауының жасанды екенін анықтапты. Уфологтар Маңғышлақтың қақ ортасында орналасқан Шерқала тауын бөтен ғаламшарлықтардың кемесі деп санайды. Ондағы көптеген үңгірлер ұшатын тәрелкенің басты кабинасына апаратын көрінеді.

Баяғы заманда Маңғышлақ жеріне бөтен ғаламшарлықтардың кемесі келіп қонады. Кемені тығу үшін олар оны Тетис теңізінің түбіне тастайды. Бірақ қандай да бір себептерге байланысты бөтен ғаламшарлықтардың әскерилері өз кемесіне оралмаған. Осылайша мыңдаған жылдар теңіз түбінде жатқан кемені құм мен балшық жауып, қатты табиғи денеге ұқсас етіп тастайды. Кейіннен Тетис теңізі тартылып, ол тау түрінде жердің бетіне шығып қалады.
Түрікмен тілінен аударғанда Шерқала «Арыстан тау» делінеді. Мұндағы үңгірлерге жергілікті халық бармайды, оған тыйым салынған. Өйткені ол арада әруақтар бар деп саналған. Уфалогия бойынша тіркелген құжаттардың бірінде бұл арада табиғаттың тылсым құбылысы белең алғаны айтылады.
Новосібірден келген бір турист Шерқала тауының шыңына апаратын үңгірді іздемек болады. Жер асты жолы оны таудың шыңырауына апарады. Бір уақытта ол алдынан жарқыраған сәулені көреді. Ол оған жақындамақ болғанда қара тасқа тіреледі. Оны сипап көрсе, металл секілді. Бір уақытта әлгі қара тас шиқылдап-сықырлап қоя береді. Одан соң уілдеген дауыс естіліп, аяғының асты қозғалады. Сол кезде қорқып кеткен турист кері қарай тұра қашады. Ертеңінде ол қасына адамдар ертіп, ол араға қайтып барады. Бірақ кеше өткен жолды таба алмай, барлығы кері кейін қайтады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support