- Advertisement -

Балалық — бал күндер-ай!

153

- Advertisement -

Бала күндер өтті жылдам ой, қалай,
Дос көңілі болушы еді айнадай.
Топырақта ойнап күнді батырып,
Жүруші едік ештеңені ойламай.

Жас шыбықты «мініп» алып бір-бірден,
Жарысқандай болушы едік дүлдүлмен.
Сол бір шыншыл, шұғылалы шақтардың,
Сағындырып, тез өтерін кім білген!

Ештеңеге көңіл бөлмей ертеңгі,
Жалаң аяқ жазда кезіп өлкемді.
Алғаш рет көрші қызға көз салдық,
Алғаш рет жүрек шіркін өртенді.

Жалаң аяқ жазда кездік өлкемді,
Қызықтадық жаңа туған әр төлді.
Кеттік енді мақсат іздеп алыстап,
Көтеріп ап арман атты желкенді.

Елдар Боранбек,
студент.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support