- Advertisement -

Жамбылда…

54

- Advertisement -

Қордай

Ғасырлық тарихы бар зауыт

Цемзауыт ауылдық мәдениет үйінде Қордай өңіріндегі алғашқы цемент зауытының жүз жылдығына арналған мерейтойлық шара өтті. Патшалы Ресейдің Шу өңірін мелиорациялау нысандарын – су плотиналары мен каналдарының құрылысына қажетті цемент өндіру үшін құрылысы 1909 жылдан басталып, 1916 жылдан өнім бере бастаған зауыт кезінде Орта Азиядағы бірегей өндіріс орны саналған еді.

Меркі

«Мега меркі» орталығы ашылады

Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша банк несие пайызының бір бөлігін субсидиялау бағыты аясында 7 жоба іске асты. Соның ішінде жеке кәсіпкер Б.Рахымбаев «Мега Меркі» орталығын ашуға 1 миллиард теңге жұмсады.
.
Талас

Қожалықтың қауыны

Кеңес ауылдық округінің Бөлтірік шешен ауылындағы «Ошақбай» шаруа қожалығы (төрағасы – Есентай Ошақбаев) мал шаруашылығымен айналысады. Биыл Талас өзеніне судың мол келуіне орай бақша дақылдарын өсіруді де қолға алды. Қазір 1,5 гектарға еккен қауыннан өнім алып, ауыл тұрғындарына арзан бағамен өткеруде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support