- Advertisement -

Біз жанбасақ лапылдап, аспан қалай ашылмақ?

119

- Advertisement -

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аудандағы 32770 тұрғынның 7783-ін яғни 23,7 пайызын 14-29 жас аралығындағы жастар құрайды екен. Біздің мекеме жастар саясатын тиімді жүзеге асыру үшін осы жастармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ол үшін алдымен ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіттік.
Ағымдағы жылдың 6 айында кәсіпкерлік бастаманы дамыту бойынша аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі, ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс жүргіздік. 119 жасқа кеңес беріп, 26 жас кәсіпкерлікпен айналысудың жолдарын үйрету үшін арнайы курсқа жіберіліп, сертификат алды. Сондай-ақ, жас мамандарды қолдау мақсатында «Ауылдың ең үздік жас маманы» байқауын ұйымдастырдық. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтарының жұмысын жандандыру мақсатында облыстық трансферттен 659 мың теңге қаражат бөлініп, «Мойынқұм» колледжінің 28 студенті 2 айлық мерзімге аудан орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағына тазалық жұмыстарына тартылды.
Мойынқұмдық жастар саламатты өмір салтын насихаттауда да белсенді. Көкжелек ауылында қазақ күресінен аудандық турнир, аудандық аула клубымен бірлесе отырып, аула ойындарынан жарыс өткіздік. Жалпы, ауданда жастардың бос уақытын тиімді өткізілуіне мүмкіндік туғызу үшін аула клубтарының желісі кеңейтілуде. Жас жеткіншектермен жұмыс жүргізуде «Мойынқұм аула клубы» белсенді. Онда 864 бала әртүрлі үйірмелерге қатысады.
Біз «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарын құрып бекіттік. Маусым айына дейін ауданда 3 өңірлік форум ұйымдастырылды. Соның бірі – Елбасы Жолдауын жастарға түсіндіру мақсатында өткізілген «Жолдау жастардан – жастарға» атты форумы. Ауданда жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары да сәтті жүргізілуде. Айта кететін болсақ, ауданда NEET жастардың базасы құрылған. Осыған байланысты аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, аудандық жұмыспен қамту орталығына ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі нұсқаушы мамандардың ықпалымен жұмыссыз жастар тіркеуге алынуда.
Біз алдағы уақытта да жастар арасында жұмыссыздықты жою, патриоттық рухта тәрбиелеу үшін аудандағы ірі өндіріс орындарына экскурсия, мәдени-көпшілік іс-шаралар, спорттық турнирлер ұйымдастырып, жастарды кәсіпкерлікке баулып, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстарын жүргізе беретін боламыз.

Еркебұлан АБАСОВ,
аудандық «Жастар
орталығының»
директоры.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support