- Advertisement -

Үрей ұялаған үйлер

175

- Advertisement -

Винчестердің 150 бөлмесі

Оливер Фишер Винчестер ерлерге киім тігетін дәулетті кәсіпкер болған. Ол XIX ғасырдың 50-жылдары қару жасаумен шұғылданыпты. Бұл ісі оған атақ-даңқ сыйлағанымен, отбасына қай-қасірет әкелген. Жақын-жұрағатының біразы аз уақытта бірінен соң бірі көз жұмады. Себебі, өзі шығарған қарудан қаза тапқандардың әруақтары маза бермеген.
Ол бөлме кезген «кісілерді» адастыру үшін ғаламат үй салмақ болады. Бірақ, бұл жолы да Винчестер үлкен кедергіге кезігіпті. Бірде баспалдақ, біресе, бөлме төбелері құлаған. Соған қарамастан 150 бөлмелі үй соққан. Бүгінде бұл туристер ең көп аралайтын үйге айналған.

Тайбэйдегі қорқынышты ғимарат

Тайваньдағы Тайбей қонақ үйі осы елдегі таңдаулы ғимараттардың бірі саналады. Дегенмен, бұл ғимаратты түнде елес кезіп жүреді екен. Тіпті, қонақтарға маза бермейтін көрінеді. Бұл мәселе кезінде туристік форумдарда көтерілген дейді.
Елес кезген қонақ үйдің құпия сыры оның бұрынғы түрме орнына салынғанында дейді білетіндер. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде осы түрмеде көптеген тұтқындары өлген екен. Кейін бұл жерге қонақ үй салынған.
Ғимарат пайдалануға берілген алғашқы күннен-ақ, қызметкерлер адамдардың күлкісі мен дауыстарын, аяқ дыбысы мен есік қаққанын естіген. Кейін мұндай дыбыстарды қонақтардың да құлағы шалыпты. Тіпті, бөлмедегі заттар бір орыннан екінші орынға ауысып кете береді екен. Мекеме басшылары фэн-шуй мамандарын шақырып, елеспен өздерінше күрес жүргізген. Соған қарамастан қонақ үйден қорқыныш кетпей тұр.

Көне синагога

Үрей билеген бір үй – XIII ғасырдың ортасында салынған Еуропадағы көне синагога. Үйде саздан салынған адам бейнесі бар екен. XVI ғасырда Париж раввині Йехуд Лев Бен Бецалель оны сол жерге сыйыну орнын жасамақ болып салғызған дейді.
Бецалель бірде өз дәстүрінен жаңылып, мүсінге сыйынуды ұмытқанда, алып ескерткіш көше кезіп кетіпті. Сондықтан бұл ғимаратқа кіруге тыйым салынған. Бірақ, фашистік Германия жандайшаптары 1940 жылдары осы үйдің шатырына шығыпты. Фашизмнің күйреуін осы тыйымды аяқасты етумен байланыстыратындар да бар бүгінде.

Бриссак-Кенсе

Францияда Луар жазығындағы көне ғимаратта ХV ғасырда екі кісі өлімі болыпты. Мәселе кісі өлімінде емес, бұл оқиғаның кейін сол үйдің үрейге айналуына себепкер болғанында.
1462 жылы ғимараттың алғашқы иесі Жак де Брезе Шарлотте де Валуаға үйленеді. Күйеуі аңшылыққа кеткенде әйелі ондаған бөлмелерді шарлап, көңілдестерімен күн өткізеді. Мұны Брезе арада 15 жыл өткенде ғана біледі. Ашу үстінде әйелі мен оның көңілдесін өлтіреді. Кейіннен өзі де көз жұмады. Барлық елес содан кейін басталған…

Кроаджинголонг саябағында

Бұл үй, нақтырақ айтқанда, маяк – Австралиядағы ең биік нысан екен. Бұл жерді де елес кезіп жүргеніне куә болғандар бар.
1947 жылы сәуірде жергілікті басылымда «Адам жоғалды» деген мақала басылады. Бұл оқиға осы маяк маңында болған. Кейін осы жерді елес кезіп жүретінін көргендер болыпты. Бүгінде елесті көру үшін туристер жыл бойы ағылып келеді екен.

Брэдфордтың баспанасы

Бұл үйді генерал Дейв Брэдфорд (Луизиана штаты, АҚШ) салғызған екен. Оның баспанасын елес кезіп жүр деген сөз 1796 жылы тараған.
Бұл оқиға былай болған. Генералдың Хлоя есімді малайы өсекші болыпты. Оның осы «қылығын» қойғызу үшін қожайыны құлағын кесіп алады. Хлоя өш алмақ болып, бәлішке у қосып пісіреді. Өкінішке қарай, оны генерал жемей, отбасындағылары түгел жеп, көз жұмады. Содан бастап бұл үйді елес кезіп жүретін болған.

«Берияның үйі»

Бұл ғимарат Мәскеудің орталығында орналасқан. Бір кездері мұнда Лаврентий Берия тұрған.
Бұл маңнан кез-келген сұлу қыз өтуге қорқады екен. Себебі, осы жерден өткен бикештер жоғалып кететін көрінеді. Ал жергілікті жұрт осы ғимарат маңынан көзге көрінбейтін көлік жүретіндігін талай мәрте байқапты. Тіпті қыздардың шыңғырған дауыстарын да естіген.
Қазіргі Тунис елшілігі де ғимараттан түрлі құжаттардың жоғалатындығын байқаған. Тіпті Берияның өзі де жүргенін көргендер бар.

Винчестердің 150 бөлмесі
Оливер Фишер Винчестер  ерлерге киім тігетін дәулетті кәсіпкер болған. Ол XIX ғасырдың 50-жылдары қару жасаумен шұғылданыпты. Бұл ісі оған атақ-даңқ сыйлағанымен, отбасына қай-қасірет әкелген. Жақын-жұрағатының біразы аз уақытта бірінен соң бірі көз жұмады. Себебі, өзі шығарған қарудан қаза тапқандардың әруақтары маза бермеген.  Ол бөлме кезген «кісілерді» адастыру үшін ғаламат үй салмақ болады. Бірақ, бұл жолы да Винчестер үлкен кедергіге кезігіпті. Бірде баспалдақ, біресе, бөлме төбелері құлаған. Соған қарамастан 150 бөлмелі үй соққан. Бүгінде бұл туристер ең көп аралайтын үйге айналған.
Тайбэйдегі қорқынышты ғимарат
Тайваньдағы Тайбей қонақ үйі осы елдегі таңдаулы ғимараттардың бірі саналады. Дегенмен, бұл ғимаратты түнде елес кезіп жүреді екен. Тіпті, қонақтарға маза бермейтін көрінеді. Бұл мәселе кезінде туристік форумдарда көтерілген дейді. Елес кезген қонақ үйдің құпия сыры оның бұрынғы түрме орнына салынғанында дейді білетіндер. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде осы түрмеде көптеген тұтқындары өлген екен. Кейін бұл жерге қонақ үй салынған. Ғимарат пайдалануға берілген алғашқы күннен-ақ, қызметкерлер адамдардың күлкісі мен дауыстарын, аяқ дыбысы мен есік қаққанын естіген. Кейін мұндай дыбыстарды қонақтардың да құлағы шалыпты. Тіпті, бөлмедегі заттар бір орыннан екінші орынға ауысып кете береді екен. Мекеме басшылары фэн-шуй мамандарын шақырып, елеспен өздерінше күрес жүргізген. Соған қарамастан қонақ үйден қорқыныш кетпей тұр.
Көне синагога
Үрей билеген бір үй – XIII ғасырдың ортасында салынған Еуропадағы көне синагога. Үйде саздан салынған адам бейнесі бар екен. XVI ғасырда Париж раввині Йехуд Лев Бен Бецалель оны сол жерге сыйыну орнын жасамақ болып салғызған дейді. Бецалель бірде өз дәстүрінен жаңылып, мүсінге сыйынуды ұмытқанда, алып ескерткіш көше кезіп кетіпті. Сондықтан бұл ғимаратқа кіруге тыйым салынған. Бірақ, фашистік Германия жандайшаптары 1940 жылдары осы үйдің шатырына шығыпты. Фашизмнің күйреуін осы тыйымды аяқасты етумен байланыстыратындар да бар бүгінде.
Бриссак-Кенсе
Францияда Луар жазығындағы көне ғимаратта ХV ғасырда екі кісі өлімі болыпты. Мәселе кісі өлімінде емес, бұл оқиғаның  кейін сол үйдің үрейге айналуына себепкер болғанында.1462 жылы ғимараттың алғашқы иесі Жак де Брезе Шарлотте де Валуаға үйленеді. Күйеуі аңшылыққа кеткенде әйелі ондаған бөлмелерді шарлап, көңілдестерімен күн өткізеді. Мұны Брезе арада 15 жыл өткенде ғана біледі. Ашу үстінде әйелі мен оның көңілдесін өлтіреді. Кейіннен өзі де көз жұмады. Барлық елес содан кейін басталған…
Кроаджинголонг саябағында
Бұл үй, нақтырақ айтқанда, маяк – Австралиядағы ең биік нысан екен. Бұл жерді де елес кезіп жүргеніне куә болғандар бар.1947 жылы сәуірде жергілікті басылымда «Адам жоғалды» деген мақала басылады. Бұл оқиға осы маяк маңында болған. Кейін осы жерді елес кезіп жүретінін көргендер болыпты. Бүгінде елесті көру үшін туристер жыл бойы ағылып келеді екен.
Брэдфордтың баспанасы
Бұл үйді генерал Дейв Брэдфорд (Луизиана штаты, АҚШ) салғызған екен. Оның баспанасын елес кезіп жүр деген сөз 1796 жылы тараған.Бұл оқиға былай болған. Генералдың Хлоя есімді малайы өсекші болыпты. Оның осы «қылығын» қойғызу үшін қожайыны құлағын кесіп алады. Хлоя өш алмақ болып, бәлішке у қосып пісіреді. Өкінішке қарай, оны генерал жемей, отбасындағылары түгел жеп, көз жұмады. Содан бастап бұл үйді елес кезіп жүретін болған.
«Берияның үйі»
Бұл ғимарат Мәскеудің орталығында орналасқан. Бір кездері мұнда Лаврентий Берия тұрған.Бұл маңнан кез-келген сұлу қыз өтуге қорқады екен. Себебі, осы жерден өткен бикештер жоғалып кететін көрінеді. Ал жергілікті жұрт осы ғимарат маңынан көзге көрінбейтін көлік жүретіндігін талай мәрте байқапты. Тіпті қыздардың шыңғырған дауыстарын да естіген. Қазіргі Тунис елшілігі де ғимараттан түрлі құжаттардың жоғалатындығын байқаған. Тіпті Берияның өзі де жүргенін көргендер бар.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support