- Advertisement -

«Жансарай» – жастар театры

170

- Advertisement -

12957294_872590246202175_1181217425_nӨнер – адам жанын ізгілікке тәрбиелейді. Осыны ескерген Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығы студенттердің өз театрын ашуына мұрындық болып отыр. Оны «Жансарай» деп атады.
«Жансарай» театры бүгінде репертуар түзуге кіріскен. Алғаш Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын сахналаған жас өнерпаздар қазір үлкен ізденіс үстінде. Бұл – жастар театры репертуарындағы алғашқы классикалық шығарма.
Вальс королі – Шәмшінің «Сыған серенадасы» әнінің тууына себепкер болған сыған қызы Изольда жайлы естігеніңіз бар ма? Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты поэтикалық драмасы сахнада осы жайлы сыр шертеді.
– Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміттің арпалысы. Театр – студенттерге өнердің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға һәм түсінуге жол ашады. Театр қойылымдарын кәсіби мамандар емес, студенттер сахналайды. Бұл – жастардың шығармашылығын шыңдауға үлкен сеп болмақ, – дейді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.
Театр режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова. Оның айтуынша, болашақта Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы», Болат Ұзақовтың «Жанұя» және Исрайл Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» спектакльдері сахналанбақ. Қазір өнер ұжымы «Айша бибі» атты тарихи қойылымын сахнаға шығаруға дайындалуда.

Жандарбек Асан,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ақпараттық-имидждік жұмыстар бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support