- Advertisement -

Арғынбай Бекбосын шығармалары «Казахстан-Россия» альманағына шықты

125

- Advertisement -

Биылғы 2015 жыл Ресейде Әдебиет жылы деп жарияланып, кеңінен аталып өтіп жатыр. Осыған орай қазақстандық-ресейлік шығармашылық байланыстар бұрынғыдан да жанданып, жаңа деңгейге көтерілді. Осының жемісі – Қазақстан Жазушылар одағы, ресейлік әдеби басылымдар – «Литературная газета» мен «Роман газета» Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің қолғабысымен екі елдің ең үздік авторларының шығармалары енген «Казахстан-Россия» әдеби альманағын (Алматы қаласы, «Жібек жолы» баспасы, 2015 жыл) тұңғыш рет жарыққа шығарды.
Альманах Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің сөздерімен ашылады. Алғы сөзін жазған – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Марат Тәжин.
Өз еліміздің ең танымал қылқалам шеберлерінің сурет­терімен жақсы безендірілген альманах Қазақстан және Ресей жазушылары мен ақындарының прозалық және поэзиялық шығармаларымен таныстырады.
Алғашқы санының тұсаукесері 27 қазанда Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығында өткен альманахқа Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұзафар Әлімбаев, Нұрлан Оразалин, Есенғали Раушанов, Әлібек Асқаров және басқалармен қатар жерлес ағамыз, қоғам қайраткері, публицист, ақын, жазушы, аудармашы Арғынбай Бекбосынның да шығармалары енген.
Соңғы жылдары қазақ және орыс тілдерінде жазған көркемдік шындыққа толы поэзиялық және прозалық туындылары өз облысымыз бен республикамыздың мерзімдік басылымдарында, әдеби журнал­дарында жиі жарияланып жүрген, баспалардан кітап болып шығып, оқырмандарын көптеп тауып, олардың ыстық ықыласына бөленген ағамыз орыс тілі арқылы әлем оқитын кеңістікке шығып жаңа шығармашылық биіктен көрініп отыр.
Бұл, әрине, төрттағандары мен деректі әңгіме-хикаяттарын іздеп жүріп оқитын оқырмандары үшін қуанышты оқиға.

Тұрсынхан Толқынбайұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support