- Advertisement -

Ардагерлер ардақталды

107

- Advertisement -

Ауданда бар болғаны екі-ақ соғыс ардагері қалды. Солардың бірі – ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен Сағаш ақсақал.
Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, аудандық кірістер басқармасының басшысы Болатбек Асанбеков шалғайдағы Шығанақ ауылында тұрып жатқан соғыс ардагері Сағаш Әбдіровті құттықтап қайтты.
Ақсақалдың тұрмысымен танысып, әңгімесін тыңдаған соң Б.Асанбеков өз ұжымы атынан Сағаш ақсақалдың иығына шапан жауып, басына бөрік кигізді, сонымен қатар заттай және ақшалай сыйлығын ұсынды. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев соғыс ардагерімен ақжарқын әңгіме өрбітіп, ой бөлісті.
Өз кезегінде Жеңіс күнін жақындатқан қарт сарбаз оны елеп, ескеріп, құрмет көрсете келгендерге алғысын айтып, ақ батасын берді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
журналист.

Мойынқұм ауданы. 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support