Білім және ғылым министрі Арыстағы мектептердің жағдайын айтты 

Білім және ғылым министрі Арыстағы мектептердің жағдайын айтты - Сурет: elorda.info

Арыс қаласында білім беру нысандары жұмыс істей бастады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, — деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Мен Арысқа мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі күн бұрын барып келдім. Онда педагогтармен кездестік. Арыс қаласында бірнеше проблема пайда болды. Біріншіден, сынған терезелер секілді ішінара зардап шеккен мектептер болды. Яғни, онда тек шыны пакеттерді ауыстыру қажет еді. Қатты бұзылған мектептер де бар. Тіпті шамалы ғана бұзылған барлық мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, спорт залы, үстелдердері және жиһаздары түгелдей ауыстырылды. Барлық мектепте дерлік жиһаздары жаңартылған», — деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, министр Арыс қаласында атқарған жұмыстары үшін құрылысшылар мен әріптестеріне алғысын білдірді.

«Жалпы Арыс қаласында жұмыс жақсы ұйымдастырылды. Бізде жаңа оқу жылына дайындық — үлкен жұмыс. Әдетте бұған үш ай уақыт кетеді. Ал бізге 1,5 айда және 50-ден астам нысанды жөндеу керек болды. Әр мектептің шығын деңгейі әртүрлі. Барлық мектеп қазір оқушыларға өз есігін айқара ашты», — деп тоқталды Білім және ғылым министрі.

tengrinews.kz

Comments are closed.