- Advertisement -

Іскер жандардың істері ілгері басады

53

- Advertisement -

Бұл – осымен төртінші өңірде ұйымдастырылып отырған форум. Біз осылайша ауыл әйелдерінің проблемаларына облыс басшыларының назарын аударып келеміз. Жалпы гендерлік теңдік дегеннің өзі қыз-келіншектерге икемі мен ебіне қарай кәсіп ашып, табыс табуына қолдау көрсету ғой. Белгілі бір іспен шұғылданған адамның ойы бөлінеді, қоғамдағы өзіндік орнын айқын сезінеді емес пе?!
Өңірдегі шаруашылық ісін дөңгелеткен іскер жандардың тәжірибесімен танысу үшін Тараз қаласына бір күн бұрын келдік. Оның үстіне біздің облыстық форумның ұйымдастырушыларымен алдын ала кездесуді, түйткілдерді талқыға салып, ақылдасуды әдетке айналдырғанбыз.
Ауылды көтеру – Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі. Бүгінде осыған баса назар аударылып отырғаны белгілі. Елді мекендердегі әлеуметтік түйткілдер тұрғындардың табысының төмендігіне байланысты туындайтыны шындық. Сондықтан біз бұл мәселелерді облыстық әйелдер форумында ашық талқыға салып, отбасылық бюджетке түсетін кірісті арттырудың жолын бірлесе іздеуді ұйғардық. Бір қуанатынымыз, бүгінде мұндай өңірлік басқосулар аймақтардағы ең ірі пікірталас және презентациялық және тәжірибелік алаңға айналған.
Басқосуда біз халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, ауыл мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту жолдарын талқыладық. Сонымен қатар қызықты тәжірибелер мен бастамалар туралы сөз қозғадық. Себебі бір адамның кәсібінің өрлеу және тоқырау кезеңі – басқалар үшін сабақ.
Міне, ауыл әйелдерін бір мақсат төңірегінде топтастыру және біріктірудің маңызы осында. Олардың ішінде ауыл әкімдері, мектеп директорлары, фермерлік шаруашылықтар мен жеке бизнес өкілдері бар. Бірінің ісі – екіншісіне үлгі. Осы арқылы тәжірибе алмасуға, кәсіби қарым-қатынасты жолға қоюға мүмкіндік болады.
Біз ауылдың іскер әйелдерін тарта отырып, өңір экономикасын көтеруге ықпал етсек, деген мақсатымызға жетерімізге сенімдіміз. Көздегеніміз – тиімді диалог және тәжірибелік алаң құру. Нағыз серпіліс жаңа идеяларды, батыл эксперименттерді, ең заманауи және тиімді технологияларды енгізуді, мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерінің синергиясын талап етеді.

Салтанат Рахымбекова,
«Жасыл экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция» ЗТБ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жасыл экономикаға өту Кеңесінің мүшесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support