- Advertisement -

АҚШ-та қазақ диаспорасының бизнес-форумы өтеді

99

- Advertisement -


АҚШ-та қазақ диаспорасының бизнес-форумы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» ҚЕАҚ 2019 жылдың 27 тамызында АҚШ-тағы қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған өңірлік бизнес-форум өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қоры» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Калифорния штаты Сан-Франциско
қаласында өтетін бизнес-форум аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Атап айтқанда, «Отандастар қоры»
мен қазақ мәдени-іскерлік үйі жобасының таныстырылымы өтеді. Бұдан бөлек,
стартаптардың, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау
тетіктері, соның ішінде Қазақстанмен
қатар халықаралық нарыққа шығу бойынша ілгерілетудің нақты жолдары мен оған
көмек көрсету шаралары талқыланады.

«Бизнес-форум өтетін мекен-жай: Сан-Франциско қаласы, 1850 Gateway drive, suite #150, San Mateo,
94404. Тіркелу және толық ақпаратты
https://www.facebook.com/events/731545597284452/ сілтемесі, +7 701 000 1404
WhatsApp немесе Telegram нөмірі, komek@oq.gov.kz электрондық пошта немесе Skype арқылы алуға
болады. АҚШ-та тұратын барлық отандастарды кездесуге шақырамыз!»,- делінген
баспасөз баянында.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support