- Advertisement -

Әлеумет тік қолдау – әлеумет ті қорғау

41

- Advertisement -

бірінші бағыт.
Халықтың табысын арттыру.

Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен, өсім бізге не үшін қажет екенін терең түсінуіміз керек. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс.

(Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан Республикасының Президенті
қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінен)

168 адам 1150 миллион теңгеге жуық несиеге қол жеткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде еліміздің дамуына жол ашатын он негізгі бағытты айқындап берді. Соның төртіншісі жаңа жұмыс орындарын ашу жəне халықты лайықты жалақымен қамтуға бағытталған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен, келешегі зор мақсаттарға жəне жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлуді тапсырып отыр.
Салада биыл бірінші жартыжылдықтың өзінде бірқатар бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылды. Негізгісі – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру екені белгілі. Сондықтан «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру үшін өңірімізде биыл барлығы 11,1 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Оның 6,9 миллиард теңгесі республикалық қазынадан, 4,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінгенін де айта кеткеніміз жөн.
Бүгінге дейін өңірімізде 16913 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Ваканттық, әлеуметтік қызметпен қатар, жұмыссыз жүрген 3806 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Ал 1208 азамат «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікті оқып үйреніп, 193-і шағын несие, 36-сы грантқа ие болып отыр. Сонымен қатар 2416 жұмыс істеуге ниеттілер қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылып, 1624 түлек Жастар тәжірибесі бойынша жолдамаға ие болды.
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағдарламасының 1-бағыты аясында биыл барлығы 3883 азаматты оқытуға 1655,5 миллион теңге бөлінді. Соның 1108,7 миллион теңгесі 770 маманды кәсіптік даярлауға (өткен 2017-2018 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қарастырылып отыр. Олар 1 қыркүйекте оқуларын бастайтын болады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 546,8 миллион теңге қарастырылды. Оқыту 37 білім ұйымында (11 колледж, 24 оқыту орталығында және 2 жоғары оқу орны) 38 мамандық бойынша ұйымдастырылуда. 1 шілдедегі дерек бойынша 2416 азамат оқуға жіберілген.
Жалпы өңірімізде ауыл мен қала тұрғындарының ішінде ниет білдірген 1301 шаруаға 6147,6 миллион теңгенің шағын несиесі беріледі деп жоспарланған болатын. Бүгінге дейін ауылда 168 адам 1149,2 миллион теңгенің несиесіне қол жеткізіп отыр. Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 миллион теңге, шағын қаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға 31,7 миллион теңге бөлінген.
Сонымен қатар қаланың 90 тұрғынына несие беруге барлығы 1036,6 миллион теңге қаралды. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктерге бөлініп, бүгінде несиелендіру жұмыстары басталды. Қалада шағын несиені кепілдендіруге 88,3 миллион теңге бөлініп, бүгінде 25 өтініш иесі сұраған қаражатына қол жеткізді. Осы бағытта 983 адам 485,5 миллион теңгенің грантын алады (200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Жастар жылына орай 329 грантқа 166,1 миллион теңге және көп балалы аз қамтылған отбасылары үшін 611 грантқа 308,5 миллион теңге, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 43 грантқа 10,9 миллион теңге). Бүгінде үміткерлердің тізімдері дайындалып, соның ішінде екі жас 505 мың теңгеден қаржы ұтып алды. Ал 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі грант есебінен 34 азаматқа 17,2 миллион теңге берілді.
Тағы бір айта кететіні, бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты 3-бағыты бойынша 6647 тұрғынға тиісті қолдау көрсету үшін биыл 2520 миллион теңге бөлінді. Ал «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған. 1 шілдеге дейін солтүстік өңірлерге 97 отбасы, 294 адам қоныс аударды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірімізде еңбек нарығындағы тұрақтылық сақталып отыр.
Сонымен қатар биыл 1 сәуірден бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек беріле бастағаны мәлім. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде көмекке мұқтаж 29650 отбасы (150453 адам) бар екені анықталып, оған 16,3 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Ал шілде айынан бастап осы көмек тағы 32065 отбасындағы 162334 адамға берілді.
Саладағы атқарылған нақты жұмыстардың нәтижесінде өңірімізде еңбек нарығында тұрақтылық сақталып отыр деуге болады. Басқарма тарапынан «Е-Халық» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстарға баса мән берілуде. Жалпы облыста әлеуметтік бағытта жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді.
Тимуржан НҰРЫМБЕТОВ,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support