Қырыққа тарта отбасы шаңырағына кірді

 Арыстағы жамбылдық құрылысшылардың жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесінде кешеге дейін 3-сектордағы 39 жеке тұрғын үй толығымен жөнделіп, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда облысқа тиесілі бөліністегі 312 жеке тұрғын үйдің бәрінде қалпына келтіру шаралары басталып, үздіксіз атқарылуда. Онда 4 мердігер мекеменің 450-ден аса жұмысшысы жұмыла еңбек етуде.
Айта кетейік, бүгінде еліміздің барлық өңірлері жұдырықтай жұмыла кіріскен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Оның ішінде жамбылдық құрылысшылардың да белсенді еңбегін атап айтуға болады. Пайдалануға берілген үйлерге қайта қоныстанған арыстық тұрғындар әулиеаталықтарға дән риза.

Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

микро займ на карту