- Advertisement -

МАДАЛИЕВТЫҢ МӘРТ ТІГІ

52

- Advertisement -

Кәсіпкер көп балалы отбасына
бес бөлмелі үй сыйлады

Жуырда аудан орталығынан шалғай орналасқан Балуан Шолақ ауылының тұрғыны, көп балалы әке Қасымбек Дәрменбековке баспана кілті тапсырылды. «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында қолға алынған қайырымдылық шарасы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найман Сұлтанбаевтың ұйытқы болуымен жүзеге асқанын айта кету керек.

Ал демеушілік жасаған – ауылдың кәсіпкер азаматы, «Қалқа» шаруа қожалығының жетекшісі Сағадат Мадалиев. Қайырымдылыққа жанықұмар жігіт ағасы бұған дейін де ауылдастарының кем-кетігін түгендеп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып келген. Мәселен, ауыл іргесіндегі қорғанды қоршау үшін бір өзі 3 миллион 200 мың теңге көлемінде қаражат бөліпті. Бұдан бөлек, өткен жылы ауылда зәулім мешіт бой көтергенде имандылық үйіне бір түйе мен 1 миллион теңге беріп, ауылдастарының батасын алды. Енді, міне, алты баласымен әр үйді паналап, барар жер, басар тауы қалмаған ауыл тұрғынына бес бөлмелі үйдің кілтін тапсырып отыр. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыру барысында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найман Сұлтанбаев сөз сөйлеп, балуаншолақтық тұрғындарға өз ризашылығын білдірді. «Бұл ауылдың бірлігі бекем, тірлігі мығым. Татулықты ту еткен тұрғындар сын сағатта бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай жұдырықтай жұмыла кетеді. Мен оған осы ауылда әкім болып жүргенде-ақ көзім жеткен. Баспаналарыңызға бақ-береке дарып, бау-бақшаңыз жайнай берсін», – деді Н.Сұлтанбаев.

Ерғали Қартайған

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support