Брейк-данс пен серфинг Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді

Брейк-данс пен серфинг Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Брейк-данс, скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының спорттық бағдарламасына уақытша қосылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай шешім 25 маусым күні Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 134-сессиясында қабылданған.

2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті ХОК-қа қосымша спорт түрлерін ұсына алатын екінші Ұйымдастыру комитеті саналады. Бұл 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күн тәртібін реформалаудың бір бөлігі.

«Париж ұсынған төрт спорт түрі де 2020 жылғы Олимпиада күн тәртібіне толық сәйкес келеді. Себебі, олар Олимпиада ойындарының гендерлік тұрғыдан теңгерімді және  заманауи болуына ықпал етуде. Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасы келешек ұрпақпен сабақтастық орнатуға мүмкіндік береді», — деді ХОК президенті Томас Баx.

ХОК Атқару комитеті 2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындарына қазіргі бағдарламаға енген және ұсынылған жаңа жарыстар бойынша, сондай-ақ спортшыларрға арналған квоталар жөніндегі соңғы шешімді 2020 жылдың желтоқсанында қабылдайды.

Айта кетейік, 25 маусым күнгі ХОК сессиясындағы дауыс беруден кейін Париж-2024 бағдарламасына басқа спорт түрлері ұсынылмайды.

 

kazinform.kz

Comments are closed.