Құлан аспаны әнге бөленді
Ұлыс күні орталық алаңда өткен шараға аудан әкімі бастаған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен құрметті меймандар қатысып, көпшілікті көктемнің жарқын мерекесімен құттықтады. Қариялар әр шаңыраққа амандық, ырыс пен ынтымақ тілеп, Наурыздың берекелі бастауларынан қуат алуға шақырды.