
Мәселен, арнайы орталықтан қызмет алушы Мұқасан Тоғанбай мен Ардақ Дауылбаеваның қолынан шыққан бұйымдар келушілердің көзіне түсті. Мұнан бөлек, қасқыр, қыран, қаршығаның жансыз мүсіндері көпшіліктің назарын аударды. Қазақ халқы қастерлеп тұтынған күбі, домбыра, келі бұйымдары да қойылыпты. Іс- шараны «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Анар Бексұлтанова ашып, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. «Жыл басы Наурыз есік қағып, барлық аймақ жасыл түске бөленді. Наурыздың әр күні салтанатпен тойланып жатыр. «Ұлттық киім күні» мерекесіне ерекше атсалысып жатырмыз. Баршаңызға сәттілік, жоғары көңіл- күй тілеймін», – деді ол. Тараз қалалық мәслихаттың депутаты Әйгерім Дәулетбаева да ақ тілегін ақтарды.
Мұнан соң Тараз халқына танымал өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды. Ал, мүгедектігі бар жандар арасында асық ату, қол күресі, арқан тарту бойынша жарыстар өтті. «Біз де осы жарысқа шәкірт алып келдік. Ол асық атудан сынға түсіп жатыр. Наурыз – тағылымы мол мереке», дейді дзюдо күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрулла Лукманов. Ал, Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева «Мүгедектігі бар азаматтар көбінесе үйлерінде немесе қызмет алуға арналған орталықтарда төрт қабырғаны күзетіп отырады. Біз осы азаматтардың көңіл-күйін көтеру үшін, өздерін қатыстыра отырып, осы іс-шараны қолға алдық», – деді.
Асық ату сайысында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 1-курс студенті Әбубәкір Короугли жеңіске жетті. Қол күрестен ұлдар да шын мықтыны анықтады. Ал, қыздар арасында тараздық Салия Әкімжанқызының білек күші мықты екен. Ол финалда Мадина Қасымовадан басым түсті. Жүлделі үшінші орын Жамихан Әбішеваға бұйырды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Азық-түлік: апта сайын тұрақты бағада
- 29 сәуір, 2025
Майтөбеде әмбебап өрт сөндіру бекеті іске қосылды
- 28 сәуір, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді