Жуалы жеріндегі Наурыз мерекесі орталық алаңда театрландырылған көрініспен басталып, айтулы мейрамның мән-маңызын аша түсетін салт-дәстүрлер мен халықтық рәсімдер көпшіліктің назарына ұсынылды.
Мереке үстінде 100 баланың тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімін Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза бастаған ел ағалары салтанатты жағдайда жүргізді. Рәсімнен кейін ауданның Құрметті азаматы Сейітқазы Медетбек қажы бүлдіршіндер мен жалпы жұртшылыққа ақ батасын берді. «Батамен ер көгереді» демекші, бұл да Наурыз мерекесінің тағылымға толы көрінісі болғаны анық.
Есет ДОСАЛЫ.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




