Бұл жұмыстар «Жасыл желек – жердің көркі» акциясы аясында жүзеге асты. Атап айтқанда, отырғызылған жас өскіннің ішінде қара ағаш, ясин, терек, катальпа ағаштарының көшеттері бар. Игілікті іске «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары да өз үлестерін қосты.
Осы күні шаһардағы «Қарасу» шағынауданы №25 үйдің ауласында «Таза аула – таза қала» акциясы өтті. Бұл игі істен тараздық мекеме қызметкерлері мен тұрғындар шет қалған жоқ. Бұл күні Тараз қаласындағы Д.Карбышев атындағы №16 орта мектептің ауласында «Мектептің 80 жылдық мерейтойына – 80 ағаш» акциясы аясында түрлі көшеттер егілді. Аталған білім ошағының алдында Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова ойымен бөлісіп: «Аталған мектептің құрылғанына биыл 80 жыл. Мерейтой аясында көптеген іс- шара өтеді. Дегенмен, тал егу акциясының орны бөлек. Бұл игі шара оқушыларға да патриоттық сезім сыйлайды», – деді. Ал, Тараз қаласының тұрғыны Дүйсен Белқожа ақсақал да жас көшеттердің егіліп жатқанына қуанышты екенін айтты. Осылайша, тараздық белсенділер «Жаңару күнінің» мән-мағынасын терең ашып, жастар мен жасөспірімдерге үлгі көрсетті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




