Ұлыс күні орталық алаңда өткен шараға аудан әкімі бастаған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен құрметті меймандар қатысып, көпшілікті көктемнің жарқын мерекесімен құттықтады. Қариялар әр шаңыраққа амандық, ырыс пен ынтымақ тілеп, Наурыздың берекелі бастауларынан қуат алуға шақырды.
Мерекелік кештің сәнін Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары ашып, ел назарын аударды. Аудандық білім бөлімінің мамандары да өз өнерлерін ортаға салды. Олар арнайы сахналық қойылымдар ұсынып, әсем ән мен күйден шашу шашты.
Мерекеге жиналған жұрт ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген іс-шараларға куә болды. Көрмеде көздің жауын алатын қолөнер бұйымдары мен кітап көрмелері таныстырылып, ұлттық спорт түрлерінен қызу сайыстар ұйымдастырылды.
Есет ДОСАЛЫ
Т. Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




