Республикалық ақындар айтысының жүлдегері Рай Дөңбай және «Асыл» домбыраның иегері Дархан Әбдіманат мерекеге арналған арнауын ұсынды. «Нақыш» тобының орындауында «Бозжорға», «Көк жөтел», «Мен қазақпын» әндері тыңдалды. Сондай-ақ, елімізге танымал әншілер, кеш қонақтары Заттыбек Көпбосынұлы мен Әділет Жауғашар өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Әр киіз үйде наурыз көже дайындалып, ыстық бауырсақтар пісіріліп, асылған қазанның буы төгіліп жатты. Ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтай отырып, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тарапынан «Қыз ұзату», «Беташар», «Бесік той», «Тұсау кесер», «Тоқым қағар» сынды дәстүрлердің орындалуы халықты одан әрі шаттандырды.
Қой көтеру сайысында Мәдімар ауылының азаматы өзі 70 рет көтерген қойды бас жүлдеге ұтып алды.
Есет ДОСАЛЫ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




